RU

The World's Вest: Данэлия Төлешова екінші кезеңде қолы жоқ скрипкашыны жеңді (фото, видео)

Отандық әнші Данэлия Төлешова "The World's Вest" байқауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Қазақстандық әншінің америкалық таланттар шоуында көрсеткен өнері байқаудың ресми парақшасында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық арудың екінші кезеңдегі қарсыласы - жапондық скрипкашы Манами Ито болған.

Данэлия "Stone Cold" әнін орындапты. Бағалау нәтижесінде қазақстандық әнші 71-60 дауыспен жеңіске жетті.

"Мен жаңа жұлдызды балақайды көрдім", - дейді қазылар алқасының бірі Ру Пол.

Ал Данэлияның тыңдармандары әншінің талантына таңғалғанын жасырмай, желіде оған жағымды пікірлер жазған.

"Жарайсың", "Сенің орындауың керемет болды", "Сен үшін қатты алаңдадым".
"Келесі кезеңге өтуіңмен құттықтаймын", "Жапондық қыздың эмоциясына қарап қорқып кеткен едім", "Кереметсің", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жапондық орындаушының оң қолы жоқ. Оның орнына протез қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779801-the-worlds-vest-danelia-tlesova-ekinsi-kezede-koly-zok-skripkasyny-zedi-foto-video.html