Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Асқар Мамин жайында не білеміз?

Опубликовано:

Бүгін Елбасының жарлығымен үкімет отставкаға кетіп, Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік жайында ақпаратты NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Асқар Мамин жайында не білеміз?
Фото: 24.kz: Facebook

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туылған.

2016 жылдан осы уақытқа дейін бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Асқар Ұзақбайұлы үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар.

Ол Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Техникалық ғылымдар кандидаты.

Мансабын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған.

1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылдың сәуірінен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті лауазымын атқарған.

1998 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы «Құрмет» орденімен, 2011 жылы екінші деңгейлі «Барыс» орденімен, 2010 жылы орыс православиелік шіркеуінің Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен, 2013 жылы Францияның Құрметті Легионы және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен, 2014 жылы Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен марапатталған.

Еске сала кетейік, Елбасының жарлығымен Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779975-premer-ministrdi-mindetin-atkarusy-askar-mamin-zajynda-ne-bilemiz/

pixel