Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туғаннан көзі көрмейтін қазақ жігіті Төреғалимен кездесуді армандап жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Туғаннан көзі көрмейтін 19 жастағы қазақ жігіті танымал әнші Төреғали Төреәлімен бір кездесуді армандайды. Қытайдан атамекеніне қоныс аударған Нұрдана Арғынұлы зағип болса да, алты түрлі аспапта ойнайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төреғали Төреәлі Фото:VipSound.kz, Нұрдана Арғынұлы: Sputnik Қазақстан/ Нұрдананың жеке мұрағаты
Төреғали Төреәлі Фото:VipSound.kz, Нұрдана Арғынұлы: Sputnik Қазақстан/ Нұрдананың жеке мұрағаты: Instagram

Қос жанарынан бірдей айырылса да, Нұрдана – домбырашы, әнші, сазгер, бір сөзбен айтқанда нағыз дарын иесі. Домбыра, гитара, синтезатор, қобыз, аккордеон, сырнай секілді музыкалық аспаптарды жас жігіт ешкімнің көмегінсіз өзі үйреніп алған.

"Бала кезімде музыкаға қызығушылығым ерекше болды. Ең алдымен қазақтың қара домбырасын қолыма алдым. Кейін синтезатор, аккордеонды меңгердім. Шынын айтсам, аспаптарда ойнауды маған ешкім үйреткен жоқ. Ұстаздан сабақ алған емеспін. Бәрін дыбыстың көмегімен, тыңдау арқылы үйрендім", - дейді зағип жан.

Кішкентайынан халық әндерімен сусындап өскен Нұрдана Шәмші Қалдаяқовтың әндері жанына жақын екенін айтады.

Сондай-ақ 19 жастағы жігіт Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Тоқтар Серіков, "Музарт" тобы, Қайрат Нұртастың әндерін де жиі тыңдайды екен.

Ал Төреғали Төреәлі өнерлі жігіттің ең сүйікті әншісі.

"Ең сүйіп тыңдайтын әншім - Төреғали Төреәлі. Төреғали ағамен кездескім келеді. Бұған қоса, "Музарт" тобының өнеріне бас иемін. Әндері қатты ұнайды. Мүмкіндік болса, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев ағаларыммен де жүздескім келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, Нұрдананың ән қоржынында бүгінде бірнеше туындысы бар. Қазақстанға келгелі бірнеше байқауда бақ сынап үлгерген.

Туғаннан қос жанарынан айырылған жігттің ендігі үлкен арманы жазу-сызуды үйреніп алу. Ол мектепке бармағандықтан, қолына қалам алып көрмеген.

Ал шабыты келгенде оның туындыларын екі қарындасы мен інісі, ата-анасы қағазға түсіреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780000-tugannan-kzi-krmejtin-kazak-zigiti-tregalimen-kezdesudi-armandap-zr-foto-video/

pixel