RU
"3-4 млн": Ләйлә Сұлтанқызы айына қанша табатынын ашық айтты (видео)

"3-4 млн": Ләйлә Сұлтанқызы айына қанша табатынын ашық айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ләйлә Сұлтанқызы айына қанша жалақы алатынын жасырмай айтты. Танымал тележүргізуші айлық есеппен жоқ дегенде үш-төрт миллион теңге табысқа кенелетін болып шықты деп жазады "TalkLikе" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі тележүргізуші, әріптесі Аман Тасығанмен болған сұқбатта Ләйлә Сұлтанқызы айлық табысын атағанымен, бірнеше қызметті қатар алып жүрген танымал тұлға қомақты соманы нақты қай жұмыс орнынан алатынын айтпаған.

"Жалақым негізі жақсы. Өзіме жетеді. Бір көйлек алуға келеді. Кейбірінен тіпті үш көйлек алуға жетерліктей. Бір айлық жалақым, мен айтпай-ақ қояйын қай жақтан қалай аламын. Ол үш-төрт миллион болуы мүмкін" , - деді танымал тележүргізуші.

Оған қоса, көгілдір экран жұлдызы әлеуметтік желіде жарнамалық бір жазбасы үшін қанша қаржыға кенелетінін де айтып берді.

"Парақшама жарнаманы жүктеу 500 мыңнан жоғары тұрады. Бағасы ары қарай кете береді. Өйткені, бонустармен менде тек бір ғана парақша емес қой. Менде бірнеше парақша - ол бір, және де ол жерде пакетімен сатылады. Ең супер VIP пакеттер екі миллионға кетеді" , - дейді Сұлтанқызы.

Сонымен қатар, танымал тележүргізуші жарнамаға түсу үшін де қанша алатынын да ашық айтты. Анықталғандай, жарнама құқықтары өзіне тиесілі болған жағдайда Ләйлә Сұлтанқызы жылына 20 мың АҚШ долларынан төмен, ал компанияға тиесілі болса бұл сомадан жоғары алады екен.

Сіздің реакцияңыз
26
12
15
1
4
37
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel