Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әріп танымаған бүлдіршінді құлағынан сүйреген тәрбиеші шатылып жатыр (видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде әлеуметтік желіде тараған видео жазба көпшіліктің наразылығын туғызды. Балабақша бүлдіршіндеріне әріп үйреткен тәрбиеші дөрекі сөйлеп, олардың біріне қол көтерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Видеодан тәрбишенің тақтағы бір бүлдіршінді шығарып, әріптерді көрсет деп айқайлап жатқанын байқауға болады. Қыз бала әріпті атай алмағанда ол тақтаға өзге баланы шығарып көрсетуін сұрайды.

Осыдан кейін педагог өзге қызды құлағынан тартып тақтаға шығарып, бірнеше рет басынан жұдырықпен ұрады.

Видеоны көрген желі қолданушылары балалардың бұзақылыққа баруы, суицид жасауы осындай тәрбиешілерден екенін айтып, бүлдіршіндердің үрейін алған тәрбиешінің қатаң жазалауын сұраған.

Бұған қатысты пікір білдірген облыстық білім басқармасы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болғанын айтып, қазір тәрбиешінің балабақшада жұмыс істемейінін алға тартты.

"Бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Қарғалы ауданы Бадамша селосында болған. Психолог тәрбиеші жұмыстан босатылды, балабақша меңгерушісіне ескерту берілді", - дейді білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Ал облыстық полиция департаменті қазіргі уақытта тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Әлеуметтік желіге жүктелген мектепке дейінгі ұйымның ішінде түсірілген видеоға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балабақшада дөрекі сөйлеген тәрбиешінің үстінен Қарғалы полиция бөлімшесімен ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлімімен іс қозғалды", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Видео "Мой город" порталынан алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780593-rip-tanymagan-bldirsindi-klagynan-sjregen-trbiesi-satylyp-zatyr-video/

pixel