Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоколодтың ішіне ақша салып, әйелдерге таратқан жігіт елді қуантты (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық азамат шоколад қаптамасының ішіне ақша салып, егде жастағы әйелдерге таратып жүр. Бұл видео әлеуметтік желідегі парақшаларда тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Видеода бес шоколадтың ішіне ақша салған азамат оны көшедегі әжелер мен аула тазалаушы әйелдерге таратқан.

Ол қала тұрғындарына сыйлықты тек өздері ашуды ғана ұсыныпты. Ал ішінде ақша бар екенін білмеген келіншектер шоколад үшін де қуанып, алғыстарын айтқан.

Бұл челенджді желі қолданушылары да қолдап отыр. Олар өзгелерге бақыт пен қуаныш сыйлау үшін өз ақшасын аямаған жомарт жанға алғысын білдіруде.

"Алла разы болсын", "Сауапты іс", "Басқаларға үлгі болса екен", "Өте жақсы іс, жарайсың", -деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780855-sokolodty-isine-aksa-salyp-jelderge-taratkan-zigit-eldi-kuantty-video/

pixel