БАҚ: Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін (фото)
Жарияланған күні:
Mash telegram-арнасы Үндістан мен Пәкістан арасында қырғи-қабақ соғыс басталуы мүмкін екендігін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үндістан билігі Пәкістанды терроризмге қолдау көрсетіп отыр деп айыптауда.
Соңғы 70 жылда екі ел үш рет соғысқан. Шекарадағы қақтығыстар жылдар бойына жалғасып келеді.
Сонымен қатар, қос мемлекеттің билігі бір-біріне қайта-қайта қысым көрсетуде деп жазады Mash.
Бүгін, 27 ақпанда пәкістандықтар Үндістанның екі әскери ұшағын атып құлатқан. Үндістандықтар бір әуе лайнерін нысанаға алыпты.
Шиелініскен жағдайды басқа елдер жіті бақылауда. Оқиға осылай жалғасса, саяхаттаушылар жапа шегуі ықтимал.
Қазіргі уақытта Пәкістанның әуе жолы жабылған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1781018-bak-ndistan-men-pkistan-arasynda-sogys-bastaluy-mmkin-foto/