"Жалғыз естігенім - соғыс": Алматыға Делиден ұшып шыққан әуе кемесі келіп қонды (фото)
Жарияланған күні:
Халықаралық Алматы әуежайына Делиден ұшып шыққан ұшақ қонды. Ауыр сапардан оралған қазақстандықтар эмоцияларымен бөлісіп, кешегі түнді қалай өткізгендерін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұшып келгендердің айтуы бойынша, олар 10 сағатта елімізге жетіпті. Пәкістан мен Үндістан арасындағы кикілжіңнен соң, Air Astana ұшағы Оман корольдігі арқылы ұшып барыпты.
Қазақстандықтар NUR.KZ порталына қандай сезімде болғандарын айтып берді.
"Әуежай ұшуға рұқсат берілмейді деп хабарлады. Бұл кеше болды. Бір сағат күттік. Екі сағатқа созылды. Сосын бізді қонақ үйге алып барып, тамақтандырды. Түнгі сағат 12-де ұйқыдан оятып, автобуспен әуежайға алып барды. Сол жерде таңғы алтыға дейін күттік", - деді Ерсұлтан Нұрымбетов.
Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781270-zalgyz-estigenim-sogys-almatyga-deliden-syp-sykkan-ue-kemesi-kelip-kondy-foto/