RU
Ақтөбеде біреудің қызын төрт жылдан бері баққан әйел көмек сұрап, жылап жүр

Ақтөбеде біреудің қызын төрт жылдан бері баққан әйел көмек сұрап, жылап жүр

Рассказать Вконтакте

4 жастағы Марианна Фотеску есімді ақтөбелік тұрғын көмек сұрап, жылап жүр. Төрт жылдан бері бауырына басқан 5 жасар қызын кеше полиция алып кеткен деп хабарлайды KAZ NUR.KZ.

Марианна Фотеску кішкентай Әсемгүлмен

Марианна Фотеску кішкентай Әсемгүлмен

Әйел бүгін қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығында кішкентай Әсемгүлмен кездесті.

"Кеше кешкілік полиция қызметкерлері келіп қызымды алып кетті. Біз оған "ауруханаға барасың, тексергеннен кейін үйге алып кететін боламыз" деп алдап отырмыз. Бұл орталыққа қызымды көруге күнде келетін боламын. Әсемгүлді мен қызымдай көремін. Балаларым есейіп кеткен соң оған қатты бауыр басып қалдым.
Төрт жылдан бері менің тәрбиемде. Анасы маған 1 жасында әкелген болатын. Маған алғашында бала күтушісі ретінде бір айға ақылы бақтырды. Кейін жағдайының қиын екенін жеткізді. Жағдайы дұрысталғанша баланы бағуға көмектесетінімді айттым. Артынан анасы мүлде хабарласпай кетті. Бала өзінің әке-шешесі басқа екенін біледі. Мен бұл баланы өсіргім келеді", - дейді Мариана Фотеску.

Фотескулер отбасының көршілері де әйелге баланы қайтаруды сұрап жүр.

"Мен бұл отбасымен 4 жылдан бері көршімін. Кішкентай қызды балаларындай бағып отыр. Қызды мектепке апару үшін көлік сатып алды. Мен осы жағдайды қыздың анасы Әсел көріп отырса, қызын бағып отырған отбасыға беруді сұраймын", - дейді отбасының көршісі Гүлмира Бимағамбетова.

Әйелдің қолында баланың туу туралы құжаты да жоқ. Анасы құжаттарын өзі алып кеткен. Қалалық білім бөлімінің мамандары баланы заңды түрде асырап алған кезде ғана әйелге қайтаратындарын айтты. Білім бөлімінің мамандары баланың жағдайы туралы БАҚ бетіндегі материалдан кейін ғана білген.

"БАҚ бетінде жарияланған материал бойынша баланың ата-анасын іздеу туралы полицияға арыз жаздық. Бала кәмелеттік жасқа толмағандықтан бөгде үйде тұра алмайды. Сол себепті 5 жастағы қыз бала кеше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазір біз баланың әкесін де, анасын да іздестіріп жатырмыз. Баланың туған әке-шешесі ата-ана құқынан айрылған жағдайда бұл отбасы асырап ала алады", - дейді қалалық білім бөлімінің басының бас маманы Салтанат Жанетова.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
12
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel