RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шымкентте мұғалімнің айқайынан соң 6-шы сынып оқушысын жедел жәрдем алып кетті

Жарияланған күні:

Шымкенттің білім саласында тағы шу шықты. Бұл жолы мектеп мұғалімінің айқайынан оқушы зардап шегіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото:businessman.ru
Фото:businessman.ru: Instagram

Пушкин атындағы №1 білім ұясының 6-шы сынып оқушысы дауыс көтерген қазақ тілі пәні мұғалімнің сөзінен соң жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді. Баланың анасының әлеуметтік желіге жазған ақпаратынша, оқиға сабақ уақытында болған.

"Мектеп директорының орынбасары әрі оқытушы дауыс көтеріп, 6-шы сынып оқушысын жүрек ұстамасына дейін жеткізді. Ол ауруханаға жатқызылды. Ал мұғалім тіпті кешірім де сұраған жоқ", - деп жазды баланың анасы.

Жағдайы нашарлаған балаға жедел жәрдем қызметін ата-анасы шақыртқан.

Айтпақшы, бұл жағдайдан соң сынып оқушылары арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, ұстаздың расымен де дауыс көтеріп сөйлейтіні белгілі болған.

Мектеп директоры Әбілдаева Сәуле мұғалім бар болғаны баладан үй тапсырмасын талап еткен деп отыр. 

"Мұғалім балаға ешқандай дауыс көтермегенін айтты. Бар сұрағаны - үй тапсырмасы. Қазақ тілі пәнінен соң бала тағы екі сабаққа қатысқан. Кейін өзін нашар сезініп, медпунктке барған. Анасына хабарласып қойғанын айтты. Одан соң асханада отырған. Анасы білім бөліміне "жүрегі тоқтап қалған" деп шағым айтып, жедел жәрдем, полицейлер келді. Баланы ауруханаға алып кетті. Қазір өзін жақсы сезініп отыр", - деді директор.

Мектеп басшысының айтуынша, оқушының анасы мұғалімнің жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Бірақ, директор оған негіз жоқ дегенді алға тартып, оқытушыны жақтап шықты. 20 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім - білікті маман. Бұған дейін оның үстінен ешбір шағым түспеген екен.

"Мұғалім түсініктеме жазды. "Неге үй тапсырмасын орындамадың?" деп айтқанын көрсетті. Шыққан шудан соң оған қатаң сөгіс берілді. Енді оқытушы ол сыныпқа сабақ бермейді. Мұғалім баладан үй тапсырмасын сұрауға құқылы. Біз де өз құқымызды қорғауға құқылымыз", - деді директор.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағыларың айтуынша, 6 сынып оқушысына "Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуы" диагнозы қойылған. Жедел жәрдеммен ауруханаға келіп түскен балаға алғашқы көмек көрсетілген соң, үйіне жіберіліпті.

Еске салсақ, жуырда ғана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталған болатын.

Ал былтыр Шымкенттегі мектептердің бірінде мұғалім білім ұясының ғимаратында өз-өзіне қол салды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781569-symkentte-mgalimni-ajkajynan-so-6-sy-synyp-okusysyn-zedel-zrdem-alyp-ketti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 13

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

АдМ

В той же школе, учительница нач.классов тоже орет, унижает детей, но она говорит, я не могу не ругать, у ребенка нервное истощение, желания учиться пропало. Все родители чего-то боятся..

Comment reaction

Mirnaya

Я не оправдываю никого , но если есть такие ситуации , то это говорит о непрофессонализме учителя .

Comment reaction

АдМ

Правильно, родители молча проглатывают, потому что им не куда деться, в другую далеко и сознание толпы движет ими, с шумом перейти в другой уч.заведение им дороже, чем здоровье ребенка. В этой же школе работают не профессионалы, не все конечно, но многие учителя элементарно с ошибками пишут в сети, а потом оправдыааются загруженностью.

Хейтер

Учитель не психолог же тебе

Гулька

Тапсырманы орындамай келеді, мұғалім дауыс көтеріп сөйлесе ауру боп қалады, сонда қиындыққа шыдамайтын, төзімсіз ұрпақ өсіп келеді ма деп қорқамын. Ата -ана баланы ортаға төзетіндей, өз бетімен шешім қабылдайтындай тәрбиелеуге ұмтылу керек деп ойлаймын.

АдМ

өз балаңызды солай тарбилей ала ма екенсіз? Бала ол бала, дауыс көтеруге құқылары жоқ. Орындамаса, тиысты бағасын койсын, аке- шешесыне ескертсын, жынды құсап айғайламай.

нагымановбазарбай

Кэзирги балалардын тэрбиеси жок.ата-анасынын издегени дау-дамай.Менин кэзир жасым 70-те.зейнеткермин.окушы кезимизде мугалимнен айкай емес таякта жегенбиз.мугалим урса жаксы окы адам бол деп урысады.урады.одан жаман болган жокпыз.Мугалим балага жау емес.балага жау ата-анасы.дурыс тэрбие бермейди.бугинги балдар шыбык тимес шынк етпес.Балдарды жамандыкка итермелейтин ата-анасы.тусиниктери томен.мугалимнен урыс еситпеген бала окушы емес.

АдМ

Жасыңыз үлкен болса да, осы жазғаныңыз орынсыз! Көрейік сізді , не істер екенсіз , немереңізбен сондай жағдай болса, мен қазір көрсетейін оларға деп шығарсыщ..

нагымановбазарбай

Шырагым мени сокпе.Баланы бузатын сен сияктылар.Менде немереде балада бар.мугалим жау емес.ата-ананын тэрбиеси дурыс емес.аясан баланды озин окыт онаша.Баягыда молдалар шыбыкпен сабап окыткан.Сол урыс еситкен балдар сенин ата-бабан.откенин умыткан адам алга баспайды.Бала бала дей берме сол балдар ата-анасын карттар уйне тапсырып жаткандар.

Norys

маменькины сынки когда наконец пересмотрят права учителей что за бардак навели в МОН

Хейтер

Қазіргі балдар уақталып кеткен, эмоцияналды, құттай ұрсқа жүрегім ұстаған түгілі, мән бермитін едім өзім ондайларға

АдМ

Ешқандай ұсақталғаны жоқ, өрекпи берме, өз карьера, (мысалы, квалификациясын көтеру), ақша туралы ойлап, балалардың уздік екенін алға тартам деп, тым қатаң талаптар қояды, көңіліңізден шықпаса, басқа класқа, мектепке ауысыңыздар, кім ұстап тұр деп шығады, дәл осы мектептің мұгалімдері

Раушан

бəрімен жағаласып біттің ғой өзі

jitsu gif