Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада әйел адамды ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Жарияланған күні:

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов мәлімдеді.

Қызылордада әйелді ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың наурызының 4-нен 5-не қараған түні, яғни кеше түнде Фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланушы Алматы қаласының тұрғыны Құрал Сейітханұлы Қызылорда қаласы әкімінің қабылдауы кезінде құқық қорғау органдары тарапынан бір азаматшаға қысым көрсетілгені туралы сол азаматшаның шағымы негізінде жазба қалдырған.

Қызылордада әйел адамды ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Аталған дерек бойынша полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі және облыс әкімдігі басшыларының қатысуымен брифинг өткізілді.

"Бұл ақпарат түнде жарияланды, әлеуметтік желілерде департаменттің баспасөз қызметі ақпаратқа байланысты тексеру жұмыстары басталғандығы туралы жазба қалдырып, жауап берді. Тексерудің нәтижесінде бұл дерек расталған жоқ", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов.

Сонымен қатар, полиция департаментінің басшысы Қ.Мұхитов жалған ақпарат таратқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтіп (ҚР ҚК 274-бабы), 2016 жылдағы оқиғаны еске түсірді. 2016 жылы Қытайда орын алған жағдайды Қызылорда қаласында болған деп көрсетіп, ер азаматтың мәйітінің суреті әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді.

Қызылордада әйел адамды ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Алайда, ақпарат расталмағандықтан, аталмыш жарияланымның авторы, Алматы қаласының тұрғыны ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.

Қызылордада әйел адамды ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Сондай-ақ, департамент басшысы облыстық полицияның әрдайым ашық диалогқа және тұрғындарды дер кезінде ақпараттандыруға дайын екенін атап өтті.

Қызылордада әйел адамды ұрып-соғу фактісі расталған жоқ

Брифинг барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев азаматтардың әрбір өтініші жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында екенін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781985-kyzylordada-jel-adamdy-ryp-sogu-faktisi-rastalgan-zok/