Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын болады
Жарияланған күні:
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар тізімі азайтылатынын мәлімдеді. Енді отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп қана көмек ала алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті ақпаратты жинау әкімшіліктер мен жергілікті органдардың мойнына артылады. Олар барлық отбасылардың ақпаратын жинап, "Е-халық" ақпараттар базасына енгізуге тиіс.
Бұл жүйе халық санын және құрамын есептеуге, елді мекендер бюджетін қалыптастырып, шығындарды жоспарлау үшін құрылған.
Бұрынғы ереже бойынша, өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі сегіз пунктен тұрған. Осы ескі тізім 2019 жылдың бірінші шілдесіне дейін жарамды болады:
- әр отбасы мүшесінің жеке куәлігі,
- қосалқы шаруашылық туралы ақпарат,
- банк есепшотының нөмірі,
- баланың туылуы (қайтыс болуы) туралы куәлік,
- Некені тіркеу (бұзу) туралы куәлік,
- жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркелу туралы өтініш,
- еңбек қызметін растайтын құжат (егер жұмысы болса),
- білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болған жағдайда).
2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап отбасына тек бір ғана құжат -жеке куәлік қажет болады.
2 мен 8 аралығындағ пункттер алынып тастайды, себебі олар мемлекеттік органдардың әлеуметтік базасында болады.
Мәліметтер жеткіліксіз болса, әкімдер, мемлекеттік органдардың жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлері оларды азаматтардан өздері сұратады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782012-kpbalaly-otbasylar-zeke-kulikterin-krsetip-leumettik-kmek-alatyn-bolady/