Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқтата алмадым": Ұлы ажырасып, қайта үйленген Шаһизада көзіне жас алды

Жарияланған күні:

Шаһизада жалғыз ұлы Олжастың екі баласы бар келіншегінен ажырасып, қайта отбасы құрғанын мәлім етті. Келіні мен ұлының шаңырағы ортасына түскенін айтқан әнші "7 арнаның" "Гу-гу-лет" бағдарламасында көзіне жас алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһизада. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Шаһизада. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Әнші екі жастың ортасында қалған немерелерінің тағдыры үшін алаңдайтынын жасырмады.

"Мен жасырмаймын. Сіздер бәрін біліп отырсыздар. Осы уақытқа дейін жасырып келдім. Кешегі күнге дейін ішімнен тындым. Мен Ләззат келініммен осы уақытқа едйін араластым. Араласа беремін. Болашақта көмектесемін. Мен оған ақылымды айтып отырамын. Ұлым екеуі бес ай бұрын ажырасып кетті. Тоқтата алмай қалдым. Ажырасуына көп себеп бар. Мен қанша тоқтатпақ болсам да, тыңдамады", - дейді Шаһизада.

Әншінің айтуынша, ұлы Олжас анасынан өз ісіне араласпауын сұраған.

"Осыған дейін қанша ажырасуға оқталғанда тоқтатқанмын. Осы жолы тоқтата алмадым. Өйткені балам "Анашым, өз өмірімді өзім шешуім керек. Осы уақытқа дейін сіз шешіп келдіңіз" деді. Сосын мен "Болды" дедім. Кеше құдаларымнан кешірім сұрадым. "Екі жастың ажырасып кеткеніне мен кінәлі шығармын мүмкін. Мен сіздерден кешірім сұрайм" дедім. Егер екі баламның ажырасуына мен кінәлі болсам, тағы да кешірім сұраймын", - деп өнер иесі камера алдында көзіне жас алды.

Айта кететіні, көп ұзамай Шаһизаданың ұлы екінші рет шаңырақ көтерген.

"Ләззатым бақытты болсын! Тек қана осыны айтамын. Мен осы уақытқа дейін келінімді жамандаған емеспін. Өз қызымдай жақсы көрем. Айналайын деп келдім. Жүрегім ауырды. Өз-өзімді зорға ұстап жүрген едім. Екі немеремді ойлап, сағынып жылаумен болдым. Жанымда болғанын қалаймын. Қателеспейтін адам жоқ. Екі кішкентайымның көз жасын көргім келмейді. Солар жыламасыншы", - деді Шаһизада.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің бес ай бұрын ажырасқан ұлы Олжас екінші рет шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782031-toktata-almadym-ly-azyrasyp-kajta-jlengen-saizada-kzine-zas-aldy/