RU
"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көпбалалы аналар жанайқайын айтып, әкімдіктен көмек сұрап келді. Олардың сөзінше, жергілікті билік Елбасының тапсырмасын тиісінше орындамай отырған көрінеді. Әр жерге жүгіруден шаршаған аналар шаруаларын шеше алмай, дал болуда деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Ешқандай көмек беріп жатқан жоқ. Ішкі саясаттың адамдары «үндеме, бәрін шешіп беремін» деп алдап шығарып салады. «Демеуші тауып береміз» дегендері де өтірік.

Президенттің тапсырмасын жергілікті билік орындап жатқан жоқ. Мына тұрған аналардың барлығы пәтер жалдап тұрады.

Көмек сұрап барсақ, дұрыстап түсіндірмейді. Басқа жерге жібереді немесе арқаңнан қағып шығарып салады", - дейді Бибігүл Алмағамбетова.
"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

23 жастағы мүгедек баласын үйіне байлап бағып отырғанын айтқан ана көз жасына ерік берді.

"Мен жұмыста жоқпын, қосыла да алмаймын. 23 жастағы мүгедек баламды байлап ұстап отырмын. Төрт балам бар. Қызым тұрмысқа шықты.

Пәтер жалдап саяжайда тұрып жатырмын. Күйеуім қайтыс болды. Сенесіздер ме, үш жылдан бері газдың төрт камфорына жылынып тұрып жатырмын.

Үйде жылу жоқ. Мүгедек баламды сол жерде ұстап отырмын", - дейді Зина Сұлтанова.
"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Шенеуніктер аналарды әкімдікке кіргізіп алып, сабырға шақырды.

"2018 жылы облыста 20 083 адам атаулы көмек алған. 8-26 ақпан аралығында 5 мыңнан жоғары адамның өтінішін қабылдадық.
Кейбірін жұмысқа қабылдадық, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. Тағы да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", - дейді Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.
"Мүгедек ұлымды байлап бағамын": Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікке келді (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
13
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel