Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерге түс": Тілшілерді менсінбеген Ғазизхан Шекербеков жұртқа жақпай қалды

Опубликовано:

Жан-жағынан қаумалаған БАҚ өкілдерінің сұрағына жөнді жауап бермеген Ғазизхан Шекербеков жұртқа жақпай қалды. Композитор әрі әншінің журналистерге дөрекі қылық танытқан видеосы "Той думан" арнасының Youtube парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Той думан
Фото: Видеодан кадр/ Той думан: Facebook

Жаңа бейнебаяны туралы әңгіме қозғаған Ғазизхан Шекербеков жеке өміріне қатысты сұрақ қойған тілшілерге дөрекі жауап қайырған.

"Неге сіздерге осындай арзан сұрақтар маңызды, түсінбеймін? ", - деген ол.

Ол аздай, композитор әйелінің қайда екенін сұраған журналиске "Оның сізге не қатысы бар?" деп жекіп тастапты.

Осылайша, алғашқы жұбайы туралы тіл қатпаған әнші өз бейнебаянында жұбайын көрсететінін, клипі екі әйел туралы болатынын айтты. Шекербеков екі келіншек алуға қарсы емес екенін де жеткізді.

Ал әншінің көзілдірігін шешпей, тілшілерді менсінбей тұрғанын көрген желі қолданушылары оған "жерге түсу қажеттігін" алға тартты.

"Атыңды шығарған халық шығар, аспанды тіреп тұрғандай, кісісің ғой тегі", "Тойынайын депті, сөздерінде кісілік бар. Қарапайым жігіт деп ойлап едім. Адам сыйлау деген жоқ екен. Жұлдызсымақ", "Әнші болсаң. өзіңе әншісің. Не болды сонша шіреніп сөйлеп. Халқым көреді деп дұрыс сөйлеу керек",
"Ол тілшілер мен тележүргізушілерге өте дөрекі жауап береді. Жұлдыз болса да, ұяты болу керек қой", "Ешкім танымайды ғой мұны", "Өзін қалай ұстауды білмейді", "Жерге түс", "Сөйлеу мәдениеті нашар", - деп жарыса жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782243-zerge-ts-tilsilerdi-mensinbegen-gazizhan-sekerbekov-zrtka-zakpaj-kaldy/

pixel