RU
104 жастан асқан алтын құрсақ ана ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті

104 жастан асқан алтын құрсақ ана ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында тұратын Қайникеш Мұсабаева жүзден асса да ши тоқып, құрт жаяды. 11 құрсақ көтерген ардақты ана ұзақ ғұмырының сырымен бөлісті деп хабарлайды "Хабар24" арнасы.

104 жастан асқан алтын құрсақ ана ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті

Фото:Видеодан скриншот

Алтын құсақ ана өткен ғасырдағы қазан төңкерісі, аштық және соғыс жылдары, саяси қуғын-сүргін сияқты тарихи оқиғаларға куә болған. 

105-ке қадам басқан Қайникеш әженің құлағы жақсы естиді, көзәйнек кимейді екен. Жастайынан еңбекке араласқан ол отбасында мейірімді ана, шаруашылықта еңбекқор бола білді.

"Жұмысымызды жасадым, жұмыстан қалған жоқпын ешуақытта. Жаяу пар түйені жегіп екі аяқ арбаға жұмысшыларға тамақ та тасыдым. Осы қызымның қолындамын, әлпештеп отыр. Ұлы бар жалғыз, бар тілегім сол, сол үйленіп, соның кішкентайын көрсем деймін. Наурыз мерекелерің қайырлы болсын! Алла Тағала қайырлы етіп, қуанышпен, ойын күлкімен өткізіңдер Наурызды! Мен секілді балалы-шағалы болыңдар!", - деді Қайникеш Мұсабаева.

Ғасыр куәсінің өзі ұзақ ғұмырының сыры еңбек пен адалдық, адамдарға жақсылық ойлау деп түсіндірді.

Ал 20 жас кіші құрбысы Бақыт апай басқа да құпиялар бар дейді.

"Ертіс жағасында болып, жегенінің бәрі балық. Балық жеген кісі көп жасайды, қымыз ішкен кісі көп жасайды, мен өзім соны білемін. Бұл кісі әлі дәрі ішіп көрген жоқ. Жастар бала әкелуге қорқады қазір, сонда да бізден денсаулықтары төмен.Ал мына ауылдың ертедегі апалары көп бала көтергендерінің бәрі 90-ға, 95-ке келіп қайтыс болып жатыр. 100-ден асқан кісі ана жерден ши әкелген қанша еңбек, сыпыртқы әкелу деген. Сыпыртқыдан қалғалы осы бір жыл болды ғой деймін", - Бақыт Исатаева.

Ғасыр жасаған Қайникеш әже қартайдым деп үйде қарап отырған жоқ. Арасында аулаға шығып, шаруашылыққа көмектесіп тұрады екен. Ал оның еңбек жолы бүгінде ауыл тұрғындарына ғана емес, бүкіл аудан халқына өнеге дейді жерлестері.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
27
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel