RU

Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Зирузаны қатаң сынға алды

Қазақстан арнасының "Беу" бағдарламасына көркемдік кеңес мүшесі ретінде келген дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Зирузаның әнін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Зирузаның ән орындауын қатаң сыңға алды
Коллаж: NUR.KZ: Getty Images

Бағдарлама түсірілімінен үзінді Instagram-дағы qazaqstanda парақшасында жарияланған.

"Стоп! Стоп, стоп!"деп әншіні тоқтатқан Сәуле Жанпейісова бұл қылығын былай деп түсіндірді.

"Бұл ән деуге келмейді. Мұны өнер деп есептемеймін. Мынандай дүниені тыңдап отыруға менің уақытым жоқ. Мұндай дүниені мынандай жерге шығаруға мен қарсымын", - деді дәстүрлі әнші.

Осы сөздерінен кейін Сәуле Жанпейісова орнынан тұрып, кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782602-dstrli-nsi-sule-zanpejisova-ziruzany-kata-synga-aldy.html