RU
Оралда жүріп бара жатқан көліктің үстіне электр бағаны құлады
Жаңалықтар Қоғам

Оралда жүріп бара жатқан көліктің үстіне электр бағаны құлады

Рассказать Вконтакте

Оралда «Лада Гранта» көлігінің жүргізушісі жарықтандыру бағанына соғылған. Қатты соққыдан бір бағанасы құлап, екеуін қисайып, кейін өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралда жүріп бара жатқан көліктің үстіне электр бағаны құлады

Фото: mgorod.kz

Оқиға тоғызыншы наурыз күні таңғы 8 шамасында болған.

«Лада» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, бағанаға соғылған.

Оралда жүріп бара жатқан көліктің үстіне электр бағаны құлады

Фото: mgorod.kz

"Көлік соғылған тіреу құлап, тағы екеуін өзімен қоса қисайтқан. "Жайық жарығы» ЖШС қызметкерлері элетр желісіндегі токты өшіріп, бағаналарды жолдан алып тастады.
«Фольксваген» жүргізушісі ескерту белгілеріне қарамастан, оқиға орнымен өтіп кетпек болған. Бағана көлігінің үстіне құлады", - деп хабарлады ТКШ-ның басшысы Міржан Нұртазиев.

Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнында зардап шеккен жүргізушінің ауруханаға жеткізілгендігін хабарлады.

Оралда жүріп бара жатқан көліктің үстіне электр бағаны құлады

Фото: mgorod.kz

"63 жастағы ер адам қалалық көпсалалық ауруханаға жеткізілді. Оған кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылды", - деді БҚО-ның денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel