Өзбекстанда министр қызметін атқарып жүрген қазақ қандасымыз туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Тұрсынхан Құдайбергенов Өзбекстанда туып өскенімен, ұлты - қазақ. Қарапайым мұғалімінен мемлекет қайраткеріне дейін өскен ер адам, бүгінде Өзбекстанның беделді азаматына айналып отыр. Түрлі лауазымды орындарда қызмет еткен қандасымыз тіпті құжатындағы "қазақ" деген ұлтын өзгертпеген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тұрсынхан Құдайбергенов Ташкент облысы, Шыназ ауданында дүниеге келген. Дегенмен, түп-тамыры Қазақстаннан болған. Құдайбергеновтың әкесі Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының тумасы болып шықты.
Олар ашаршылық кезінде өзбек жеріне көшіп барған. Сол жерде Тұрсынханның әкесі колхоз басқарып, бүгінгі күнісол колхозға әкесі Айдардың аты берілген.
Әкесінен ерте айырылған Тұрсынханның мектеп мұғалімінен мемлекет қайраткеріне дейін өсуіне әкесінің достары себепші болған. Сол кезде шаруашылық басқарған Сатыбай мен Ишан есімді азаматтар жас балағы үлкен қолдау көрсетіп, бар көмегін аямаған.
Алдымен Тұрсынхан 1982 жылы КСРО ІІМ академиясында білім алып, Хорезм және Ферғана облыстық ішкі істер департаментінің басшылығына келді. Кейіннен билік басындағылар оны Ферғана облыстық ІІД басшысы етіп тағайындайды. Құдайбергенов ол өңірде өршіп тұрған қоғамдық толқуды басып, тәртіпті күшейту мақсатында жіберілсе керек.
Өздігінен талапшыл Тұрсынхан өзіне артылған сенімді ақтаған. Ол Ферғана облысындағы көтерілісті басып, ел перзидентінің назарына іліккен.
Құдайбергенов 2001-2006 жылдары Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың құқық қорғау және бақылау органын үйлестіруші - мемлекеттік кеңесшісі болды. Айта кетерлігі, ішкі істер органынан бірден мұндай үлкен лауазымға тағайындалу өте сирек жағдай.
Өзінің табандылығы мен қырағылығының арқасында ол мемлекет басшысының алдында өзін білікті басшы ретінде дәлелдей алды. Оған қоса, Тұрсынхан Құдайбергенов құжатындағы "қазақ" деген ұлтын ешқашан өзгерткен емес.
Генерал Тұрсынхан Айдарұлы 2010 жылы төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалып, бұл лауазымда жеті жыл еңбек етеді. Ұзақ жыл бойы министрлікті басқарған қазақ құрметті демалысына шыққан.
Алайда, асқан еңбекқорлығымен көзге түскен Құдайбергенов ел президенті ауысса да, биліктен алыстап кеткен жоқ. Өзбекстан басшысы болып отырған Шавкат Мирзиеев те оны өз жанына алды. Нәтижесінде, Тұрсынхан мемлекеттік кеңесші болды.
Бұл қызметте ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, оларға бақылау жасады.
Жақында жаңа президент шетелдегі шенді қазақты мемлекеттік кеңесшімен қоса, Төтенше жағдайлар министрі етіп тағайынады. Билікте жүрген қандасымыз бүгінде отбасылы, үш ұлы мен қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782713-zbekstanda-ministr-kyzmetin-atkaryp-zrgen-kazak-kandasymyz-turaly-ne-bilemiz/