Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық әйелдер сәби сүю үшін бір-біріне іш киімін сыйлайтын болып шықты

Опубликовано:

Астаналық қыз-келіншектер бала көтеру мен оның күтіміне байланысты күні бүгінге дейін түрлі наным-сенімдерге сенетін болып шықты. Мамандардың пікірінше, сәбилі болуды армандайтын әйелдер әлі күнге дейін бір-біріне іш киім сыйлау дәстүріне сенеді екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: Blog.mama.ru
Көрнекі фото: Blog.mama.ru: Facebook

Мамандар келіншектердің тездетіп бала көтеру үшін адам сенгісіз әрекеттерге баратынын жасырмады. Мәселен бірі іш киімдерін бір-біріне сыйға тартса, енді бірі көпбалалы аналардың балаларын әдейі үстеріне тостырады екен.

"Өкінішке орай қазақы тәрбиедегі қыз-келіншектер әлі күнге дейін түрлі наным-сенімдерге сенеді. Әрине мен қазақтың балаға қатысты салт-дәстүрлерінің бәрін жоққа шығарып отырған жоқпын, бірақ бала көтеру, оның күтімі мен тәрбиесіне қатысты салт-жоралғыларға сақ болу керек деп ойлаймын. Мысалы бала көтере алмай жүрген әйелдер көпбалалы аналардың іш киімін алып, соны киеді екен.
Қазіргі медицина дамыған, көзіміз ашық заманда мұндай әрекетке бару ұят емес пе? Қарапайым гигиена мен тазалық талаптары қайда қалады? Мұндай әрекетке әсіресе ауылдан келген әйелдер барады. Сондықтан келіншектерге айтарым, сәби сүйе алмай жүрсеңіздер білікті мамандарға барып қаралыңыздар. Бала беру тіпті Құдайдың ісі, Алла қалаған күні сәбилі боласыздар. Тек үмітті үзбеу керек", - деді гинеколог маман.

Сонымен бірге, ол кей келіншектер тіпті көпбалалы аналардың балаларын қолдарына алып, үстеріне әдейі тосатынын айтты.

"Бала шаптырса немесе сол әйелдің үстінде отырып зәр шығарса, балалы боламын деп ойлайды екен. Бәрі қараңғылық, ондайға сенуге болмайды. Одан да денсаулықтарын күтіп, өмірге дені сау сәби әкелуге тырыссын", - деп сөзін қорытындылады маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782921-astanalyk-jelder-sbi-su-sin-bir-birine-is-kiimin-syjlajtyn-bolyp-sykty/

pixel