Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық жігітті анасы екі балалы ажырасқан әйелге үйлендірмей тастаған

Жарияланған күні:

Тараз қаласының Азамат есімді тұрғыны өзін үнді киноларының кейіпкері ретінде сезінетінін айтады. Себебі ер адам сүйіктісіне қосылып, отбасын құра алмай жүр деп жазады KAZNUR.KZ.

Көрнекі фото: onmoy.com
Көрнекі фото: onmoy.com: Depositphotos

Мұңын шаққан кейіпкердің айтуынша, өзі ұнатқан келіншегі бұрын екі мәрте тұрмыста болған. Ал екі баласымен пәтер жалдап тұратын келіншекті ер азаматтың анасы ұнатпай отыр екен.

Кейуана бірнеше рет ажырасқан адам ұлын бақытты ете алмайтынын айтқан. Қиын жағдайға тап болған Азамат (ред. ескертпе кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген) жан сырын ақтарды.

"Менің жасым қазір 33-те. Достарымның барлығы отбасын құрған, балаларын тәрбиелеп отыр. Өкінішке орай, шаңырақ көтеретін қыз кездестіре алмадым. Тағдырдың жазғаны шығар. Аружанмен осыдан екі жыл бұрын танысқан болатынмын. Бойы кішкентай, қара торы, әдемі қызға деген сезімім бірден оянды. Өкінішке орай, ол өмірінде талай қиындықтарды көрген адам болып шықты. Соған қарамастан қызға тән нәзіктігін жоғалтпаған", - дейді ер адам.

Азамат Аружанмен біршама уақыт кездесіп жүрген. Осы уақыт аралығында сүйіктісінің екі рет тұрмыста болып, екі бала тәрбиелеп отырғанын білген. Дегенмен жас келіншектің өткен өмірі көңіліндегі сезімнің сөнуіне мүлдем әсер етпепті.

"Аружанның балалары өте сүйкімді. Үлкен ұлы мектепте оқыса, кішкентай қызы балабақшаға барады. Қазір қарым-қатынасымыз да жақсы. Айлық алған күні оларға сыйлық алып, қыдыртқанды жақсы көремін. Байқауымша, әкелерімен мүлдем байланысты үзген екен. Алимент те төлемейді, барлық шығынды аналары көтереді. Күндердің –күнінде оларды өз үйіме көшіріп, бірге өмір сүргім келеді. Алайда бүгінгі күні бұл ойым тек арман болып отыр", - дейді тараздық жігіт.

Азамат сүйгенін анасымен таныстырғанын айтады. Кездесу өте тамаша өтіп, екі тарап өзара тіл табысып кеткен. Алайда, жігіттің сүйіктісінің екі баласы туралы тіс жарып айтуға батылы жетпепті. Аружанға да өзі туралы айтпауды өтінген екен. Бірақ, көп ұзамай ғашықтардың құпиясы жария болып, үлкен жанжал болған.

"Анамның әріптесі Аружанды танитын болып шықты. Екінші күйеуінің туысқандары болып келеді екен. Гүлжайна апа жақындарымның барлығына сүйіктім туралы айтып беріпті. Балалары бар екенін, бұрын жеңіл жүріс жасағанын жеткізіпті. Алайда, мен ол кісінің сөздеріне сенгім келмеді. Қанша рет анама айтсам да ол кісі мені тыңдағысы келмей отыр. Қазір енді екі оттың арасында қалып отырмын", - дейді кейіпкер.

Аружан болған жағдайды естігеннен кейін Азаматпен араласуын тоқтатқысы келген екен. Бірақ жігіт алған бетінен қайтпауды көздеп отыр. Алайда анасы мен жақындары той жасамақ түгілі, жас келіншекті отбасына жақындатпайтындарын айтқан.

"Аружанның бірінші күйеуі ішімдікке салынып кеткен екен. Осы проблемаға байланысты айырылысқан. Екінші күйеуінің де осы әрекеті отбасының ажырап кетуіне себеп болған екен. Менің анам Аружанға үйленсен маскүнем болып кетесің дейді. Екі азаматтың бағын аша алмаған әйел, сені де қор қылады деп отыр. Бірақ мен болашағымыздың жарқын болатынын сенемін", - дейді Азамат.

Ер адам Аружанның жүкті болып қалғанын қалайды. Бірақ жас келіншек бала көтере алмай алмай жүрген көрінеді. Осыдан біршама уақыт бұрын жасатқан аборттың кесірі тиіп жатса керек.

Сүйіктісі дүниеге нәресте әкелсе, Азамат өзінің жақындары ешнәрсеге қарамастан қалыңдығын отбасыларына қосатынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783174-tarazdyk-zigitti-anasy-eki-balaly-azyraskan-jelge-jlendirmej-tastagan/