Жаңа Зеландияда мешітте болған шабуылдан 27 адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған шабуылдан кем дегенде 27 адам қаза тапты деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Оқиға Крайстчерч мешіттерінде түсқайта болған.
Бұған дейін БАҚ өкілдері оқиға салдарынан тоғыз адам қайтыс болғаны туралы хабарлаған.
Куәгерлердің айтуынша, әскери киім мен көзілдірік киген ер адам мешітке кіріп, оқ жаудырған. Ол оқ жаудырған сәтін видеоға түсіріп отырыпты.
Шабуыл болған кезде Deans даңғылында орналасқан Мәсджид ән-Нур мешітінде 300-ге жуық адам болған.
Қазір сол көшенің бір бөлігі жабық.
Бұдан бөлек, Линвуд кварталындағы мешіт пен қаладағы ауруханалардың бірінде атыс болған.
Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.
Полиция комиссары Майк Буштың айтуынша, қаза тапқандардың саны көп.
Оның сөзінше, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталған, бірақ қайғылы жағдайға кінәлі басқа қылмыскерлер болуы ықтимал екенін жорамалдады.
Полиция комиссары бүгін жергілікті тұрғындардан мешітке бармауын өтінген.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан үйден шықпай, кез келген күдікті жағдайды аңғарса, "111" нөміріне хабар беруін сұраған.
Қосымша шара ретінде құқық қорғау қызметкерлері қаладағы мектептердің барлығын қоршады.
Шабуыл туралы Mash Telegram-арнасында ақпарат пайда болды.
Хабарламада "28 жастағы жігіт қарумен екі мешітке барып, жаппай шабуыл жасады. Ол басындағы go pro арқылы барлығын камераға жазып алды. Төрт адам ұсталды. 27 адам қайтыс болып, 30 жараланды" деп жазылды.
Бұдан бөлек осы арна шабуыл жасаушының суретін жүктеді. Қылмыскердің есімі Брентон, оның Австралия азаматы екендігі анықталды.
Теракт алдында ер азамат 73 бет манифест жариялады, онда Библиядан үзінділер келтірілген.
"Бұл Жаңа Зеландиядағы шабуылды ұйымдастырушы Брентон. Таңертең ол әскери етік мен арнайы форма киіп, мешіттегілерді өлтіруге шықты", - деп жазды Mash.
Сондай-ақ, автоматтың "мүйіздері" суретін жариялады. Онда "еуропалық өркениеттің қалыптасуы үшін негізгі сәттер жазылған".
Оларға Каргул кезіндегі шайқас пен 1770 жылғы орыс-түрік соғысы кірді.
Брентон басты оқиғалардың бірі деп Стокгольмде 2017 жылы жасалған террорлық әрекетті атаған. Онда жәбірленушілердің бірі 11 жастағы Эбби Аккрлюнд болды.
Шабуылға дейін Брентон бүгін баланың өлімінен бас тартатынын мәлімдеген.
Сондай-ақ, Mash полиция қызметкерлері жарылыс заттары бар көлікті ұстай алғандарын айтты.
Теракт басталуына дейін шабуыл жасаушы "Естеріңде ме, жігіттер - Пьюдипаяға жазылыңыз" деген тіркеспен көпшіліктті өзіне аудартқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783667-zaa-zelandiada-mesitte-bolgan-sabuyldan-27-adam-kaza-tapty-video/