Танымал нумеролог Айсәуле мен Димаштан керемет жұп шығатынын айтып, таңғалдырды
Жарияланған күні:
Белгілі нумеролог Айсәуле Бақытбектің Димаш Құдайбергенге таптырмас жар бола алатынын айтты. Сандар ғылымын жетік меңгерген Клара Күзденбаева бұл екі жастың өзара үйлесімдігі өте жоғары деңгейде екенін айта, олардан керемет жұп шығатынын жеткізген. Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.
Жақында ғана отбасылы болған Айсәулені Димашқа қосқан танымал нумеролог көпшілікті таңғалдырды. Оның берген мәліметінше, бұл екі жастан керемет жұп шығуы мүмкін еді.
"Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді. Неге? Себебі Айсәуле 22 мамыр күні туған. Бұл нумерологияда көпсериялы эпопея күні болып саналады. Ең қызығы, Айсәуленің бағдарламасы тура Димаштікіндей. Екеуінікі өте ұқсас, олар әртістік әрі шығармашылық қабілетке ие.
Оған қоса, Айсәуленің бағдарламасында үш саны үш мәрте кездеседі. Ол өте дарынды, сабырлы, әділ, еңбеққор әрі қылықты қыз. Ең бастысы, Айсәуледе әйел бақыты бар. Сол себепті оны бәрі жақсы көреді. Алайда, сәттілігі жоқ. Ол көпшілік адамда болмай жатады. Мәселен оның анасында да сәттілік жоқ" , - деді Клара Күзденбаева.
Сонымен қатар, нумеролог алдағы уақытта танымал продюсердің қызы ана атанатынын да айта кетті.
"Айсәуле 23 жасында балалы болады. Ұл туады" , - деп қысқа қайырды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1784057-tanymal-numerolog-ajsule-men-dimastan-keremet-zp-sygatynyn-ajtyp-tagaldyrdy/