Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған ауылына 258 зәулім сарай тұрғызып берген миллиардер ауылдастарына ренжіп қалды

Опубликовано:

Қытайлық миллиардердің ауылдастарына арнап тегін салған үйі күні бүгінге дейін бос тұр. Оған тұрғындардың қызғаншақтығы себеп болған деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Чэнь Шен туған ауылындағы 258 зәулім үйдің құрылысына 31,9 миллион доллар қаржы жұмсаған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2013 жылғы санақ бойынша ауылда 190 отбасы тұрақтаған. Алайда құрылыс уақытында жаңа тұрғындар көшіп келгендіктен Чэнь Шен тағы 68 үй салуды жөн көрген.

Құрылыс жоспары анықталғаннан кейін тұрғындар арасында үлкен дау туыпты. Біреулер олардың көпбалалы отбасы екенін айтып, бірден екі сарайға таласса, екіншілері болашақта отбасылы болатын балаларының жағдайын ойлап, бірнеше сарайды иеленгісі келген.

Сонымен қатар, ауылдан кезінде көшіп кеткен тұрғындар да қайта оралып, баспана алуға құқы барын айтқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Ауылдастарына арнап салған үш қабатты сарайдың құрылысы біткенімен, бүгінде босап тұр.

Чень Шеннің ауылда жүргенін көрген тұрғындар кімге қанша үйден тиетінін сұрап, миллионерді бас салған. Тұрғындардың мұндай бассыздығы миллиардердің ашу-ызасын тудырған. Ауылдастарына ренжіген миллиардер ауылға екі жылдан бері қайта бармаған.

Оның жоспарында тұрғындарға арнап жылына 32 млн доллар табыс әкелетін шошқа фермасын салу да болған. Бірақ ол бұл істі жүзеге асырудың мәні жоқ екенін түсінген екен.

Вандализмнің құрбаны болған зәулім үйлер бүгінде қайта жөндеуді қажет етеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1784195-tugan-auylyna-258-zulim-saraj-trgyzyp-bergen-milliarder-auyldastaryna-renzip-kaldy/

pixel