RU
Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесіне немересін ертіп келді (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесіне немересін ертіп келді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесіне немересін ертіп келді деп xабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Өмірзақ Шөкеев. Фото: NUR.KZ

Өмірзақ Шөкеев. Фото: NUR.KZ

Бүгін Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Театрландырылған қойылыммен басталған шара көпшілік серуен мен көрмеге ұласты. Небір xас шеберлердің туындыларымен танысып жүрген Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев жанына кішкентай бүлдіршінді тастамай ертіп алып жүрді.

Аймақ басшысынан кішкентай қыздың өзіне кім болып келетінін сұрағанымызда Шөкеев немересі екенін айтты.

Алайда облыс әкімі бүлдіршіннің өзіне жиен немере болып келетінін немесе ұлының қызы болып табылатынын нақтылап жатпады. 

Айта кетейік, бүгін Түркістанда өткен Наурыз мерекесінде тұрғындарға 2000 литр көже мен 1,5 тонна палау тегін таратылды. 

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel