Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда суға кеткен бойжеткенді құтқармақ болған полицей өлім құшты (видео)

Опубликовано:

Атырауда көпірден Жайыққа секірген бойжеткенді құтқармақ болған полицей өлім құшты деп хабарлайды ІІМ-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырауда суға кеткен бойжеткенді құтқармақ болған полицей өлім құшты (видео)
Шалқар Ақымғалиев Фото: МВД РК, instagram.com/atyrauoil.official: Instagram

21 наурыз күні 21:52 «102» пультіне белгісіз біреу хабарласып, орталық көпірден өзенге адам секіріп кеткенін хабарлады.

Оқиға орнына дереу Атырау полициясының жеке құрамының кезекші бөлімі жеткен. Патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев бірінші жетіп, ойланбастан суық суға секірген.

"Жағалауда ролик теуіп болған соң тынығып отырып, суицидд куәгері болдық. Сосын полицияға хабарластым. Оқиға орнына патрульдік полиция лезде жетіп, батып бара жатқан қызға жүзіп жетті. Су суық, бойжеткенді ағыс әкетіп бара жатты. Бірақ полицей өмірін қатерге тігіп, оны құтқару талпыныстарын жалғастыра берді", -деді оқиға куәгері Райымбек Сарбалин.

Шалқарға көмекке кіші лейтенант Рүстембек Сүндүтов асыққан. Ол өзімен бірге бөрене алған.

"Мен батып бара жатқан қызға жеткенде, Шалқар ағысқа қарсыласа алмай, батып кетті. Әйел адамды құтқару керек болды. Ол айғайлап, шу шығарып жатты. "Мен үшін өліп қалды" деп айғайлады", - деді қайғы жұтқан Рүстембек Сүндүтов.

Құтқарылған бойжеткен Батыс Қазақстан тумасы, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Рүстембектің серіктесін табу талпыныстары сәтсіз аяқталды. Мұздай суда аяқ-қолының түйілгеніне қарамастан 30 жастағы кіші лейтенант Сүндүтов өз бетімен жағалауға жүзіп жеткен. Су температурасы 3 градустан аспайды.

Сағат 00.50 Шалқар Ақымғалиевтің денесі оқиға орнынан төмен жақтағы жағалаудан табылды.

Атырауда суға кеткен бойжеткенді құтқармақ болған полицей өлім құшты (видео)
Шалқар Ақымғалиев Фото: ІІМ: Twitter

Отбасының жалғыз асыраушысы, Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлы көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Бойдақ. Сәуірдің бірінде 25 жасқа толар еді. Еңбек өтіліне бес жыл болған.

"Ол өз міндетін атқару барысында, суға кеткен әйелді құтқарамын деп ерлік жасап, ажал құшты. Ішкі істер органдарының жеке құрамы мен басшылығы қайғырып, марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - деді ІІД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1784752-atyrauda-suga-ketken-bojzetkendi-ktkarmak-bolgan-policej-lim-ksty-video/

pixel