Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін өз ақшасына асыраудан шаршап, ажырасып тынған әйел мұңын шақты

Жарияланған күні:

Альмира есімді келіншектің тұрмыс құрғанына бір жылдың жүзі болған. Аяғы ауыр әйел күйеуін, оның ата-анасын өз жалақысына асырағаны үшін ажырасып кеткенін айтып, мұңын шақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуін өз жалақысына асыраған әйел ажырасып кеткенін айтып, мұңын шақты
Фото: fabiosa.ru: UGC

Альмираның айтуынша ол тұрмысқа шықпастан бұрын болашақ күйеуін тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған.

"Мен шетелде оқып, жоғары білімім бар бола тұра қолынан түк келмейтін, бейқам жігітке тұрмысқа шықтым. Көзімді шел басып, жанымдағы адамның сондай екенін мүлде көрмегенмін. Сол себептің оның барлық жағдайын жасап, қаражаты болмаса қолына ақша ұстатып жіберетінмін.
О баста ол не айтса сол мен үшін заң болатын. Бірақ шыдамның да шегі бар. Екеуіміз үйлену туралы сөз қозғағанда ол жағдайының мәз емес екенін айтып, той көйлек кимеуімді өтінді. "Сол той көйлегінде тұрған ештеңе жоқ. Кимесең дүние құрып қалмайды" деді. Оған тістеніп тұрып көнгеніммен, артынша тойға толық қаражат жетпейтінін айтып, тек құдалық жасайтынынан хабардар етті" , - дейді келіншек.

Альмира отбасын құрғаннан кейін енді тек күйеуінің емес, оның ата-анасының, бір шаңырақ астында тұратын бауыры мен жеңгесінің де керек-жарақтарын алып беретін болған. Себебі олардың табысы тек азық-түлітеріне жеткен, ал Альмира жақсы жерде жұмыс істеп, жалақысы жоғары еді.

"Сол кезде ессіз кеткен ақшамды ойласам ішім ашиды. Туған ата-анама бір дені дұрыс сыйлық ала алмаған мен, оның туысқандарын үлде мен бүлдеге ораппын", - деп өкінді өз сөзінде ол.

Оған қоса күйеуі әйелінің жүкті екенін естігенде көңілі түсіп кеткен. Келіншектің айуынша ол әйелінің енді жұмыс істеп, оның отбасын баға алмайтынын түсінген.

"Күйеуім менің жүкті екенімді естігенде қуанды десем артық айтқаным. "Енді не істейсің, жағдайымыз қиындамақ. Қай ақшаңа баланы бақпақсың" деп маған шап берді", - дейді әйел.

Күйеуімен қатар үйдің басқа да тұрғындары бұл хабарды суық қабылдапты. Бұған шыдамаған Альмира киімдерін жинап, өз ата-анасының үйіне кеткен. Күйеуінен аяғы ауыр бола тұра кетіп қалған келіншек жұбайының өзін іздеп келмей, ажырасуға арыз бергенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785137-kjeuin-z-aksasyna-asyraudan-sarsap-azyrasyp-tyngan-jel-myn-sakty/