Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды: Қазақстанда болмаған ерекше концерт-спектакль өткіземіз

Опубликовано:

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, танымал актер Азамат Сатыбалды өзі басшылық ететін театрда ерекше кеш өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Театр директоры бүгін, 26 наурыз күні «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде өткен брифингке қатысқан.

Журналистер сауалына жауап берген ол Алматыдағы беделді өнер ордаларының бірі болып саналатын Мүсірепов театрының жаңалықтарымен бөлісті.

Айтуынша, аталмыш мәдениет ошағы Құрманғазы оркестрімен бірігіп кеш өткізбекші екен.

28,29 наурызға жоспарланған концерт-спектакль "Аманат" деп аталады.

"Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес, бабаларымыздың аманатын жастарға жеткізу мақсатында, «Аманат» атты концерт-спектакльді ұсынамыз. Оркестр мен театр актерларының бірігіп концерт-спектакль ойнауы Қазақстанда бұрын болмаған. Осылайша, көрермендерге актерлардың да ән айтып, би билеп, оркестрмен бірге поэзия-монолог оқитынын, сол бірлескен жобаны жоғары деңгейде жеткізуге болатынын көрсеткіміз келеді», - деді Азамат Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785526-azamat-satybaldy-kazakstanda-bolmagan-erekse-koncert-spektakl-tkizemiz/

pixel