RU
Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма: Министрлік түсініктеме берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма: Министрлік түсініктеме берді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі желіде тарап кеткен қазақстандықтардың тегіне "Нұр" сөзі қосылып жазылады деген хабарламаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі газетте басылған мақаланың 1 сәуір – күлкі күніне арналған әзіл-қалжың екенін хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Айжан Мусинованың сөзінше, бұл жалған ақпарат болып табылады.

Ол мәліметтің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп өтті:

  • материалда жазылған индустрия және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жоқ;
  • қаулы болса, онда түсіндірмені мемлекеттік органның нақты өкілі береді немесе кем дегенде өз аты-жөнін, лауазымын көрсетеді;
  • астындағы дереккөз – "бірінші сәуірдегі Щучинск" деп көрсетілген, осыдан-ақ бірінші сәуірге арналған әзіл екенін түсінуге болады.
фото: Zakon.kz

фото: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз
19
2
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel