RU
"Өз деңгейін көрсетті": Есен Елеукен өзі туралы айтқан Тұрсынбек Қабатовқа жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өз деңгейін көрсетті": Есен Елеукен өзі туралы айтқан Тұрсынбек Қабатовқа жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақша КВН Одағының президенті Есен Елеукен өзімен арадағы қарым-қатынасы туралы айтқан Тұрсынбек Қабатовқа жауап берді. "Жайдарман" ойындарының жүргізушісі танымал әзілкештің сұхбатына "өтірік аралас" деген баға беріп, оның мұндай ойы бар екенін білмегенін айтты деп жазады Youtube желісіндегі Nursultan Qurman каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Тамаша" арнасының директоры Тұрсынбекпен арада не себепті түсініспеушілік туындағаны жөнінде өз шындығын жайып салды.

"Әркім өзінің деңгейін көрсетеді. Мен ол сұхбатқа қатысты өтірік аралас деп айтқаным рас. Алайда, оның қайсысы шын, қайсысы жалған екенін мына жерде ашып айтып, кейін тағы бір әңгімеге ұласқанын қаламаймын. Жабулы қазанның жабулы қалғаны дұрыс болар.

Мен тіпті, оның сондай ойы бар екенін білмедім. Хабарласқаны рас, бірақ маған "орын дайындап қойдым" дегені жоқ.

Қазақша КВН-де Тұрсынбектің орны ерекше. Соңынан ерген өз көрермені бар. Алайда, мен барып, одан екінші лига ашпауын сұрағаным жоқ. Бар болғаны оның не үшін қажет екенін айттым. "Балалар керек болса, берем", - дедім.

Мені кейбір балаларды оның бағдарламасына жібермей қойды деп айтыпты. Ол кезде бізде де түсірілім болып жатқан, мен оны кейіннен естідім.

Өзі хабарласпайды. Көмекшісі немесе қасындағы достары қоңырау шалады. Сол жағын мен түсінген жоқпын. Өзі хабарласып, жағдайын айтса, мен оған ешқашан жоқ деген жоқпын" , - деп ағынан жарылды Есен мырза.

Оған қоса, "Жайдарман" жүргізушісі Тұрсынбектің сұхбаты шыққан соң, не себепті ұзақ уақыт бойы жауап бермей жүргенін түсіндірді.

"Негізі осы сұхбат шыққаннан кейін, барлық жақындарым маған неге жауап бермей жатқанымды айтып ашуланған болатын. Бұл - негізі оның мен жайлы әңгіме қозғаған үшінші сұхбаты. Біріншісі жеңіл болды. Екіншісі Ләйләмен болды. Ол кезде де шамалы тиісіп кетті" , - деді ол.

Қазақша КВН президенті өзімен қарым-қатынасы жайлы айтқан Тұрсынбекпен болашақта бірге жұмыс істеуге қарсы емес екенін жасырмады.

"Бізге ортақ бір жоба жасаңдар деген адамдар пайда болатын болса, неге жасамасқа? Бірақ әзірге ондай адам да жоқ, оның тарапынан ондай ұсыныс та жоқ" , - деді Есен Елеукен.

Сіздің реакцияңыз
36
4
2
2
1
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel