Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтсіздік пе, бақыт па?: түсіңізде алтын көру нені білдіреді

Жарияланған күні:

Алтын1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақ халқында түс жоруға қатысты түрлі аңыз бар. Біреулер түсінде не көрсе, өңінде сол болады деп сенсе, енді бірі түске сенбейтінін, бәрі Алланың қалауымен болатынын айтып жатады. Десе де ырымшыл бабаларымыз түс арқылы "Алла аян берді" немесе "түстің киесі бар" деп сенген. Бүгінгі мақаламызда түрлі ұлттар наным-сенім бойынша түске алтын кірсе қалай жорығанын баяндамақпыз.

Еnigma-project сайтының мәліметіне сенсек, түсіңізде қолыңызда алтын ұстаңыз, бастамаларыңыз сәтті аяқталады деген сөз.

Егер әйел адам сыйлыққа таза алтын немесе əшекей бұйым алатын болса, дәулетті, бірақ сараң адамға тұрмысқа шығады.

Алтын тауып алу – артықшылықтарыңыз бен қабілеттеріңіздің арқасында байлық пен құрметке бөленетініңізді білдіреді.

Ал керісінше, алтын жоғалтсаңыз, алаңғасарлығыңыздың арқасында өміріңіздегі ең күшті мүмкіндіктен айырыласыз деген сөз.

Алтын кенін тапсаңыз, күрделі, бірақ құрметті жұмыс сізге жүктеледі.

Ал алтын кенінде жұмыс істеп жүрсеңіз, өзгелердің меншігін заңсыз иемденетініңіз жайлы хабардар етеді. Бұл түс сізге мұндай әрекет ертең зиян болатынын ескертеді.

Сондай-ақ алтынды көрген адамға байланысты, түс те әртүрлі жорылады:

  • Ер адам - мансабы жоғарылайды.
  • Бойжеткен - тосын сыйлар мен сыйлықтар
  • Қария - өмірдің сәтті кезеңі басталатыны
  • Бала - арманның орындалуы
  • Жаңа босанған келіншек - нәрестесінің өмірі ұзақ, әрі бақытты болатыны

Аяғы ауыр келіншек түсінде алтын көрсе, аяқ-қолын бауырына оңай алады деген сөз.

Егер алтын неке жүзігін көрсеңіз, көп ұзамай тойға барасыз.

Massaget.kz сайты берген мәліметтерге сүйенсек, қазақ халқы егер адам түсінде алтын көрсе, онда өмірде дәулетті кісілер демеу береді деп сенген. Десе де өзге елдердің түс жоруына назар аударсақ.

Атақты Ванганың түс жорамалы

Өзінің көріпкелдігімен әлемге танылған Ванга түске алтын кірсе, жақсы ырымға баламаған. Ол бұл металл – өмірдегі сәтсіздіктердің белгісі деп жорамалдаған. Көріпкелдің болжамы бойынша, өмірінде мұндай қиындықтардың туындауына адамның өзі себепкер болуы мүмкін деп есептейді. Сол себепті ол түсінде алтын көрген адамдарға бәрін бақылауда ұстамауға кеңес береді. Себебі ол мұның соңы жақын адамдар мен достар арасындағы кикілжіңге алып келуі мүмкін деп ескерткен.

Психолог Густав Миллердің түс жорамалы

Әйгілі америкалық психолог Густав Миллердің түс жорамалы алғаш рет XIX ғасырдың соңында жарияланса да, күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Ғалым өз еңбектерінде түске алтын кіруге қатысты біраз болжамдар жасаған. Солардың бірқатарымен бөліссек:

  • Егер түсіңізде алтын құйма көрсеңіз, материалдық жағдайыңыз жақсарады немесе мансабыңызда оң өзгерістер орын алады;
  • Бойжеткендердің түсіне алтыннан жасалған әшекей бұйымдар кірсе, демек болашақ жарыңыз дәулетті жерден болмақ;
  • Түсіңізде алтын қойманы тапсаңыз, онда күрделі, бірақ даңқыңызды шығаратын іске ұсыныс түседі деп есептеңіз;
  • Ал егер түсіңізде алтынды әлдекім ұрлап алса, демек қолға алған істеріңіз сәтсіздікке ұшырайтын болады.
Алтын
Фото: Pixabay

Психоанализ негізін қалаушы – Фрейдтің түс жорамалы

Атақты Зигмунд Фрейд те түске қатысты өз болжамдарын бөліскен. Оның пайымынша, адамның түсіне алтын кірсе – онда оның жеке өмірінде оң өзгерістер болады. Мәселен, кімде-кім өзінің өмірлік серігін кездестіруді армандап жүрсе, демек оның бұл арманы жақын арада орындалады деген сөз.

Нострадамустың түс жорамалы

Француз фармацевті әрі алхимик Нострадамус бағалы металлдар жайлы көп ізденіп, түрлі еңбектер жазған. Астрологтың болжамдарында түсте алтын көру ненің белгісі екені жайлы да ақпарат кездеседі. Оның пікірінше:

  • Егер алтынды тауып немесе сатып алсаңыз – жағымды жаңалықтар естисіз.
  • Алтын бұйымдарыңызды жоғалтып алсаңыз – мүмкіндіктерді жіберіп алуыңыз мүмкін.
  • Түсіңізде біреу сізге алтын сыйласа және ол сізге ұнаса, онда отбасыңызда тыныштық пен береке орнайды. Егер керісінше сыйлық ұнамаса, онда сізге сақ болу қажет. Себебі қолда бар байлығыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Исламда түске алтын кіру жөнінде не айтылған?

Исламдағы түске қатысты болжамдар Құран мен Пайғамбар сүннеттеріне негізделген. Оған сәйкес, егер әйел адамның түсіне алтын кірсе, онда ол бойындағы қауіп пен алаңдаушылықтан арылып, өңінде қуануы мүмкін. Ал алтын ер адамның түсіне кірсе, онда оның өмірінде түсініспеушіліктер мен шығындар болады. Алтынды тауып алсаңыз, мүлкіңізден айырылып қалу қаупі бар. Түсіңізде алтынды балқытып жатсаңыз – ұрыстың белгісі.

Алтын
Көрнекі фото: pixabay.com

Танымал астролог Цветков түс жоруларында алтын жайлы не дейді?

Физика-математика ғылымдарының докторы, астролог Евгений Цветков өзінің түс жорамалдарында бағалы металдар жөнінде бірнеше болжамдарын бөліскен. Оның болжамына сәйкес, алтынмен абай болу керек екен. Себебі «жылтырығанның бәрі жақсы емес», керісінше ол құбылмалы болуы мүмкін. Астролог егер түсіңізде біреулер бағалы металдан жасалған әшекей бұйым сыйласа, оған сенуге болмайды дейді. Себебі әшекейді сыйлаған адамның сізге деген ниеті алдамшы болуы әбден мүмкін. Цветков егер түсіңізде алтын бұйымдарды өзіңіз таңдап жатсаңыз – онда жылдам шешім қабылдаудан асықпаңыз дейді. Ал жоғалған әшекей бұйымдарыңызды тауып алсаңыз – онда жаңа бастамалараңыз сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың болжамы бойынша, түсіңізде алтын көру - жақсылықтың белгісі. Егер түс көруші түсінде алтынды сатып алса, өңінде ол елге билік жүргізгісі келетін адам екен. Сыйлыққа алтынның өзін немесе одан жасалған бұйымды алу - байлық, бедел мен биліктің, мансаптағы өсудің белгісі.

Түсіңізде алтын әшекейлерді тауып алу қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Түс жорушы мұндай түс ұзаққа созылмайтын табыс немесе жақсылықтың белгісі екенін айтады.

Феломеннің түс жорамалы

Феломеннің түс жорамалында алтын мынадай мағынаны білдіреді:

  • Алтынды көру - жаңылысу мен өтіріктің белгісі.
  • Алтынды қолда ұстау - сәттілік пен гүлденудің нышаны.
  • Алтын қорын табу - жоғары сенімге ие болу.

Түсіңізде алтынды табу өз мақсатыңызға жетудің белгісі. Жоғалту - жіберіп алған мүмкіндіктің белгісі. Алтын құм - өз пайдаңыз үшін біреуді алдап соғудыі белгісі. Алтын тиындар - құрмет пен орындалған үмітті білдіреді.

Сандықтағы көп алтын. Көрнекі сурет
Сандықтағы көп алтын. Көрнекі сурет: pixabay.com

Юнонаның түс жорамалы

Юнонаның түс жорамалы бойынша - алтын күн мен рухтың белгісі. Ер адамның түсіне алтын кірсе қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Қолыңызда алтын құйманың болуы жаңа бастамалардағы табыстың белгісі. Алтын құйманы тауып алу түс көрушінің адамгершілігі мен әділдігінің арқасында қол жеткізетін байлық пен атақтың белгісі.

Қарайған алтын опасыздық пен сатқындықтың нышаны. Алтын жалатылған бұйымдар - жалғандықтың белгісі болуы мүмкін. Егер түсінде адам алтын бұйымдар мен байлыққа қызығып жатса, онда өңінде ол қол жеткізе алмайтын мақсатты орындайды деген сөз.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жорамалы бойынша алтын өтірік пен адасудың белгісі. Егер түс көруші алтынды түсінде сатып алып жатса, онда ол рухани және материалдық тұрғыда шаршаған деген сөз.

Егер көп алтын түске кірсе, онда өңінде адам қиындықтарға тап болмақ. Ал, алтынды сыйға алу - жалған достарыңыз тарапынан болатын сатқындықтың белгісі.

Түс жорушылардың түрлі болжамдарына сүйене отырып, түсіңізге алтын кірсе ненің белгісі екенін білуге болатынын ұмытпаңыз. Қандай түс кірсе де, бастысы өз интуицияңыз бен ақылыңызға сеніңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1786244-tsiizde-altyn-kru-neni-bildiredi/