Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовтан не үшін ажырасып кеткенін ашып айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева 16 жыл бірге тұрған күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасқан болатын. Әнші "31" арнаның "Өнер мен Өмір" бағдарламасында жан сырымен бөлісіп, бұрынғы күйеуінен таяқ жеген күндерін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева. Фото:resizeme.club
Алтынай Жорабаева. Фото:resizeme.club: Instagram

Әншінің айтуынша, ол ажырасып кеткеннен кейін де бір жыл үш ай бойы күйеуінің қайта келетінінен үміттенген.

"Үйдегі жағдайда әкем мен анама айтып барған емеспін. Ешқашан менен ондай тіпті естіген емес. Бірақ сырттай бәрі біліп жүрген. Бауырларыма да айтпайтынмын. Бірақ бәрібір біледі ғой, әке-ана деген. Ұрыс-жанжалдан кейін міндетті түрде мысалыға таңертең әкем хабарласады.
"Қалайсың, қызым? Бәрі дұрыс па? Бәрі жақсы ма? Дауысың жақсы ма? Сәбит қайда?" деп сұрайды. "Сонда қалай, қайдан білед, десем... Сезеді екен ғой деп ойлаймын да. Одан кейін мен ешқашан адам баласына... Иә, біріншіде ренжідік. Осындай реніштің, шаршағанның арқасында осындай екіге айырылып кеттік. Ол жағдайдың бәрін тәтпіштеп айтып жатудың қажеті жоқ. Өйткені, менің басыма түссе де сол уақытта ажырасып кететін еді.
Ал мен бір жыл үш айда өзгеретін шығар, бәрі жақсы болып кететін шығар, халықтың алдында жүрген адамбыз деп күттім. Нәтиже болмағаннан кейін мен де адаммын ғой. Менің жүйкем сыр беріп, сол жағым кәдімгідей жұмыс істемей, Қытайда да емделіп жүргенімді білесіздер.

Әнші бағдарлама барысында өзіне қол жұмсаған күйеуіне алғыс білдірді және оның тілеуін әрдайым тілеп жүретінін де жеткізді.

"Бірақ та мен Сәбитке рахмет айтамын. Өйткені, Алланың қалауымен қыздарым өмірге келу керек болды. Төрт қыз туған күндеріме, таяқ жеген күндеріме рахмет айтамын. Өйткені, мен кішкентай кезімде өте ұяң, тұйық қыз болатынмын. Маған артық сұрақ қоймаса, мен жауап бермеймін. Содан тұрмысқа шығып, неше түрлі нәрсені көргеннен кейін адам піседі екен. Дұрыс нәрсе болмағанымен, өмірден үлкен сабақ алып, ашылып, етек-жеңім жиналып...
Қазір мысалыға "Егер мен таяқ жемегенімде, мұндай нәрсені істей алмас едім" деп айтамын. Ол кезде рахмет деп айтпадым. Неге деген сұрақ туа береді ғой. Неге біз халықтың алдында өтірік күліп жүреміз, үйде береке болмайды деген нәрселер... Таяқ жемегенімде, алдымнан келгенді тістеп, артымнан келгенді тебетін болмас едім ғой деймін. Мен кәдімгідей өмірге пісіп, ештеңеден қорықпайтын болдым. Бұрынғы жасық мінезім шығып кетті. Оның үстіне ажырасқаным тағы да сабақ болды. Мен етек-жеңімді жинап, төрт қызым өсуі керек, олардың тағдыры...
Мен күнде намазымда "Оны да кешір. Оған сана бер. Бақытты болсын. Жақсы жар кезіксін. Неге мен кезінде Айгүлге үйлендім? Неге Алтынайға үйлендім? Неге мен осыған үйленбедім екен дейтіндей қатты жақсы көретін жар тапса екен деп дұға жасап, сұраймын. Оның төмен түсіп, абыройы немесе лауазымы түскенін қаламаймын. Бізге көмектеспегеніне де ренжімеймін. Бақытты болсын деп тілеймін. Шыны керек, біздің өмірімізде кездеспей-ақ қойса екен, біздің алдымыздан шықпаса екен деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды әнші.

Жан сырын ақтарған әнші ажырасқаннан кейін біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмағанын да жасырмай айтып берді.

"Жаңадан ажырасып келгенде, сол жағдайларды ойлап ауырып қала беретінмін. Сол туралы әңгіме болса, дірілдеп кететінмін. Ал қазір психологияны оқисың, Израильден келген психолгпен кездесіп, ол менің бойымдағы комплексті алды. Сонда мен "Анау не ойлап қалады?" "Ажырасты деп ойлайды ғой", "Бәрі маған қалай қарайды екен?", "Қыз ұзатып берші" десе, "мен ажырасқанмын" деп өзімді төмен санай беретінмін.
Ал қазір айтқан кезде кәдімгідей... Мүмкін 4 жыл бұрын ба сөйлескенде мен жылап қалар едім. Алла өзі құлын бостан-босқа жылатып қоймайды ғой", - деді Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, әншінің "Өнер мен өмір" бағдарламасына берген сұхбатының толық нұсқасы әлі әлеуметтік желіге жүктелмегенімен, оның кей сәттері qaz.stars-тың Youtube парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786515-altynaj-zorabaeva-sbit-bdihalykovtan-ne-sin-azyrasyp-ketkenin-asyp-ajtty/

pixel