Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да әйелінің жезөкше болғанын білген азамат оны тастап кетті

Жарияланған күні:

Өскеменде 40 жастағы азамат бұрынғы жезөкшеге үйленіп, опық жеп қалған. Келіншек өзінің өткен өмірі жайлы жақ ашпай, азаматты алдап үйленіп алған екен. Жақын достарынан әйелінің кім екенін білген ер адам бірден онымен ажырасып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Postimees
Көрнекі фото: Postimees: Getty Images

Келіндерінің опасыздығы туралы ер адамның жақын туыстарының бірі айтып берді.

"Қанат (ред. аты-жөні өзгертілді) фермада өскен азамат болғандықтан, 40 жасқа дейін үйленбей жүрді. Фермада өзіңіз білесіз, ауыл жоқ, тек бір отбасыдан артық адам тұрмайды. Қалаға мал апарғанда барғанда, бұрынғы келінімізбен танысыпты. Жарты жылдай сөйлесіп жүрген, содан үйленеміз деп шешкен.

Малы бар ауқатты адамдар болғандықтан қалада тойларын дүркіретіп тұрып жасады. Келін өзінен он жас кіші екен.

Содан бір жылдай тәп-тәуір тұрды. Бір жылдан кейін Қанаттың сыныптастары хабарласып, әлгіндей жағдайды айтқан. Ұят та болса айтайын, түсірген келініміз бұрынғы жезөкше болып шықты. Жай емес, қалада аты шыққан қыз екен. Содан баламыз бірден ажырасып кетті", - дейді жігіттің жақын туысы.

Одан бөлек ол Қанаттың соңғы күндері ішкілікке салынып жүргенін айтты.

"Фермада ата-анасымен бір тұрады. Өткенде әкесімен сөйлескенімізде, Қанаттың көп ішіп жүргенін айтып қалды. Ер адам болған соң, бәрін ойлайды, жасы болса 40-та, алған әйелі анадай болып шықты. Енді қазір туған-туыс болып жабылып, сол балаға жақсы қыз іздеп жатырмыз.
Оқыған қыздардың көбі фермаға барғылары келмейді, өзі сияқты, ауылдың қарапайым қызымен таныстырсақ деп отырмыз. Бірақ жақсы қыз таппай жатырмыз. Кеш те болса, тағы бір рет үйленіп, балалы болса екен деген арманымыз бар", - деп түсіндірді ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786649-sko-da-jelini-zezkse-bolganyn-bilgen-azamat-ony-tastap-ketti/