RU
Бергей Рысқалиевтің Лондонда серуендеп жүргені видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Бергей Рысқалиевтің Лондонда серуендеп жүргені видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон көшелерінде серуендеп жүргені видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бергей Рысқалиев Лондон көшелерінде серуендеп жүргені видеоға түсіп қалды (видео)

Фото:Видеодан скриншот

Видеодан бұрынғы шенеуніктің телефонына қарап, көшеде асықпай келе жатқанын көруге болады.

Көшедегі жүргінші қашып кеткен шенеунікті танып қалса керек, оны видеоға түсіре бастаған.

Рысқалиев оны түсіріп жатқанын байқаған кезде, күлімдеп: "Әй, мені не үшін түсіріп жатырсың?" деп сұрады.

"Доғар!" - деген Рысқалиев ол жерден кетуге асықты.

Роликті саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында жариялаған.

Еске сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құру, ұрлық, алаяқтық жасау, қызметін асыра пайдалану және пара алу сынды айыптар тағылған.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ол сырттай сотталып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған.

Ал оның ағасы, бұрынғы мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалиев 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз
6
3
0
5
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel