Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бергей Рысқалиевке сот үкімі шықты

Опубликовано:

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 17 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz
Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz: Depositphotos

Шенеунік бірнеше қылмыс бойынша айыпталған.

Рысқалиевке бөтеннің затын иемдену мен алаяқтық, өзінің қызметін асыра пайдалану мен пара алу, қылмыстық қоғамдастық құру және оны басқару айыптары тағылған.

Қазіргі уақытта оның қылмыстары толықтай дәлелденген.

Бұрынғы әкімнің өз қызметін пайдаланып, мемлекеттік ақшаны ірі мөлшерде ұрлау үшін қылмыстық схеманы әзірлегені анықталды.

Ал оның ағасы, бұрынғы мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалиев 16 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі уақытта келтірілген зиян 72 млрд теңгені құраған.

Айта кетейік, сотталушылардың сот отырысына келмеуіне байланысты іс сырттай қаралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775186-bergej-ryskalievke-sot-kimi-sykty/

pixel