Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Татар жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Талдықорғандық Әйгерім Миназетдинова есімді ару өзімен бір мектепте оқыған татар жігітмен отбасын құрып, бүгінде үш баланың анасы атанып отыр. Татар әулетіне келін болған 28 жастағы бойжеткен бақытты ана болудың құпиясымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото Әйгерімнің жеке мұрағатынан алынды
Фото Әйгерімнің жеке мұрағатынан алынды: Twitter

Әйгерім Миназетдинованың айтуынша, ол жолдасымен мектеп қабырғасында жүргенде таныс болыпты.

"Есімім Әйгерім, қазақтың қарапайым қызымын, руым жалайыр. Талдықорған қаласынан боламын. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің туризм факультетіне түсіп, оны үздік дипломмен тәмамдағанмын. Бірақ шыны керек өз мамандығым бойынша ешқашан жұмыс істеп көрмеппін.
Сол жылы туған қалама қайтып барып, алты жыл бойы кездескен жігітіме тұрмысқа шықтым. Басында біз тек дос ретінде ғана араластық, кейін қыз бен жігіт ретінде жүрдік. Бір қызық айтайын, жолдасым менен үлкен болса да, мектепте менен бір сынып төмен оқыған еді. Қазір шүкір, үш баламыз бар, бақытты отбасымыз", - дейді жас ана.

Сонымен бірге Әйгерім татар ұлты салт-дәстүр мен тағамдардың әртүрлілігі жағынан қазақ халқына ұқсайтынын атап өтті.

"Мұсылман елі болғандықтан, салт-дәстүрлері де, тағамдары да бізге қатты ұқсайды. Бірақ тек татар ұлтына ғана тән, дәмі тіл үйірер тағамдары да бар. Жолдасым тағам жағына көп мән береді. Бір астан екінші рет қайта дәм татпайды деп айтсам болады. Бірақ мен әзірлеген макарон мен лағманды сүйіп жейді", - дейді үш баланың анасы.

Әйгерім Миназетдинова (ред. өз тегі Елубаева) бүгінде өз бизнесін ашып, сол ісін дөңгелетуге күш жұмсап жүр.

"Қазіргі кезде бәріне үлгеру керек деп ойлаймын. Сол себепті отбасыммен бірге, жеке бизнесімді бірге алып жүрген жайым бар. Сондай-ақ бос уақытымда желідегі парақшама түрлі тағамдардың рецепттерін салып, оқырмандарымды өз асханаммен таныстырамын. Өзіме осы жұмысым ұнайды, болашақта танымал фудблогер болсам деген арманым да бар", - дейді талдықорғандық ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1787568-tatar-zigitine-trmyska-sykkan-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel