RU
Ақтөбеде бір-бірімен төсектес болатын еркектерге мамандар кеңес берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бір-бірімен төсектес болатын еркектерге мамандар кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде үш айда 8 адам жыныстық қатынас арқылы жұқпалы ауруға шалдыққан. Мамандар танымайтын адаммен төсек қатынасына баратындардың дені жастар деп дабыл қағып отыр. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде бір-бірімен төсектес болатын еркектерге

Көрнекі фото: Glamur.co.il

Эпидемиологтар ер адаммен төсектес болатын жігіттердің арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жасырған жоқ.

«Халықтың негізгі топтары арасында аурудың алдын алу және ақпарат беру жұмыстарын жасаймыз. Оның ішінде осал топтар бар.

Оған ине арқылы есірткі қолданатындар, ер адаммен жыныстық қатынасқа түсетін азаматтар кіреді. Біз оларды бірден есепке ала қоймаймыз.

Адам қаны үш рет тексеріледі. Расталғаннан кейін ғана есепке алынады.

Инфекция жұқтырушылардың дені жастар деп айтамыз. Олар кімнен жұқтырғаннын да білмейді.

Телефонмен сөйлесіп, бір-ақ рет кездесіп, кездейсоқ жыныстық қатынасқа түскен. Ол адамның қайда жұмыс жасайтынын да білмейді. Осындай жағдайлар бар», - дейді Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігері Динара Оразалинова.

Ақтөбе облысында АИТВ жұқпасымен 476 адам тіркелген, оның 382-сі Қазақстан азаматы. Қазір 20 мен 29 жас аралығындағы 165 жас осындай инфекциямен есепте тұр.

Сіздің реакцияңыз
18
23
6
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel