RU
Гауһар Әлімбекованы бостандыққа шығарып алу үшін жиналған қаржы қайда? (видео)

Гауһар Әлімбекованы бостандыққа шығарып алу үшін жиналған қаржы қайда? (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекова істі болған Гаухар Әлімбекованы түрмеден шығарып алу үшін жиналған ақшаның қайда екенін айтты. Өнердегі құрбысына көмек ретінде арнайы шот аштырған әнші жиналған қаражатқа қатысты қауесеттерге нүкте қойды. Бұл туралы өнер иесінің Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гаухар Әлімбековаға көмек қолын созған Ақбота Керімбекова бүгінде өзіне қатысты түрлі жалған сөздердің шығып жатқанын атап өтті.

Осы орайда әнші арнайы видео үндеу жолдап, жиналған жеті миллион теңгенің қайда екенін айтты.

"Құрметті қазақ елі, көптен бергі сұрақтарыңызға жауап ретінде салып отырмын. Мен де сіздер сияқты Гаухар мен Бақыт әпкерлердің арасындағы жағдайдың ақ- қарасын білмеймін. Түрмеге түсті дегенде шығарып алайық деп ақша жинадық. Енді Гаухар бергізбеді, бермейсіңдер деп отыр. Біздің ниетіміз бәрі жақсы болсын деген тілек. Ары қарай сот өкімі шешеді. Артық сөз шаршатты шын...Не болса да, дұғада болайық өтініш" , - деп жазған бейнежазбаның астына ол.

Видеода Керімбековамен бірге Гаухар Әлімбекова да бой көрсетті.

"Халықтың жиналған ақшасы сол жайында тұр. Оған ешкім ешбір тиынына тиіскен жоқ. Ол ақша Ерғали Ақботалар жинады. Соларда тұр. Олар да ешқандай ақша алған жоқ. Біз де алған жоқпыз және кімге де берер ойымыз жоқ. Біздің позициямыз сол. Сондықтан, артық әңгімелердің керегі жоқ деп ойлаймын" , - деді Әлімбекова.

Сіздің реакцияңыз
17
1
1
4
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel