Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі рет өтеді: Көріпкелдер президент сайлауы туралы не дейді?

Опубликовано:

Елімізде сайлау науқаны басталысымен нумеролог, астролог, экстрасенстердің жұмысы қыза түсті. Мамандар елді болашақта басқаратын президентке үміткерлердің туған күндеріне қарап, кімнің айы оңынан туып, кімнің бұл лауазымға қол жеткізетінін болжауда деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Арқасы барлардың бірі ата-бабаларымен байланысқа түссе, өзгесі отпен түрлі жорамалдар жасауда. Айтқандары әртүрлі болғанымен, бәрі бірауыздан бұл сайлау бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қызу-тартысқа толы болады дейді.

"Өз басым президенттікке үміткер ретінде тек үш адамды көріп отырмын", -дейді экстрасенс Виктор Александровский.

Қазір әлеуметтік желіде сайлауға түсуі мүмкін кандидаттардың аты-жөндері айтылуда. Әзірге болжамға сәйкес, Азат Перуашев, Әли Бектаев, Айқын Қоңыров, Жармақан Тұяқбаев секілді партия өкілдері маңызды додада бақтарын сынайды. Ал, кейбір бақсы-балгерлер болса, олардың сайлауға қатысқан күннің өзінде жеңіске жетуі екіталай дейді.

"Сайлау үлкен дүрбелеңмен өтеді. Талас-тартыс болады және сайлау екі рет өтеді. Тылсым күштердің ескертуі бойынша екі-үш адамның мүмкіндігі бар. Бірақ, оны біздер әзірге айта қоймаймыз. Өйткені, әлі толық ешкім өзін ұсынып, жарысқа түсе қойған жоқ. Бірақ, бұлардың ішінде ел басқаруға лайық азаматтар бар",- дейді Тоқберген Байтасов.

Нумеролог Құралай Бақытқызының сөзінше, сенатор Әли Бектаевтың кодында үкімет жұмысын істейтін шенеуніктің коды бар. Дегенмен, ол президент болуға 100 пайыз кепілдік бола алмайды.

Ал, Азат Перуашев пен Айқын Қоңыровтың мемлекеттік қызметте емес бизнесте біраз жетістікке қол жеткізетін көрінеді. Сондықтан да сайлауға түсуге әлі ертерек дейді нумеролог. Дегенмен, алдағы дода егер қатысқан жағдайда олардың танымалдылығы артып, тәжірибе жинайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788490-eki-ret-tedi-kripkelder-prezident-sajlauy-turaly-ne-dejdi/

pixel