RU
Бір күнде төрт келін түсірген отбасының видеосы қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Бір күнде төрт келін түсірген отбасының видеосы қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Желіде бір күнде төрт келін түсірген отбасының видеосы қызу талқыға түсті. Бетіне ақ орамал жамылған төрт арудың бір әулетке келін болып жатқанына желі оқырмандары шүйлігіп шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Instagram желісінде тарап кеткен бейнежазбада төрт бойжеткеннің бір үйге келін болып түскелі жатқан сәті көрініс тапты. Беті ақ орамалмен жамылған арулар беташар салтына дайындалып жатқан көрінеді.

Аталмыш видео желі оқырмандарының ашуын тудырған. Олар бір күнде бірден төрт келін түсіруге қарсы шығып, мұндай дәстүрге жол берген әулетті сынап тастады.

"Дұрыс емес деп санаймын. Әр баланың өз несібесі бар деп санаймын", "Бір күнде бұлай жасаған дұрыс емес. Тіпті екі келінді бір күнде түсіруге болмайды", "Қазақтың ырымын бұзуға болмайды. Бұл әрекеттерін құптамаймын" , "Қалай сонда төрт ұлы бір күнде үйленген ба?" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
5
13
1
0
5
51
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel