Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар "хайп үшін ажырасқан" Арман мен Ашаның әрекетін құптамады

Жарияланған күні:

Ажырасқаны туралы қауесетті жаңа бейнебаянына пиар ретінде қолданған Арман Қоңыр мен Аша Матай үлкен дауға қалды. Жұлдызды жұптың дәл осындай жолмен жарнама жасамақ болған әрекетін қалың көпшілікпен қоса, өнердегі әріптестері де қатаң сынға алды деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Желіде бір-бірін өшіріп тастап, ажырасқаны туралы қауесеттерге жол берген жұлдызды жұптың бұл қылығына бірқатар өнер иелері өз пікірлерін білдірген.

"Меніңше дұрыс емес. Менің түсінігімде дұрыс емес. Біреудің өмірі, біреудің отбасы негізі жалпылама айтқанда біреуге не керегі бар деймін. Сахнада жүр ма? Орныңмен әніңді айт. Сахнада жүрсің ба? Орныңмен рөліңді атқар. Қай сала болса да, өз орнымен ретімен жүрген дұрыс деп ойлаймын.
Енді хайп жасап, қара пиар деген жолда қалды ма деймін. Хайп деген бір сұмдық бір дүние шықты. Мен тек Алладан тілеймін әр қазақ бақытты болса екен деп. Бірақ оның отбасында не болып жатыр, не істеп жатыр маған керек емес. Жеке өмірге араласпағанды, тиіспегенді жөн көремін. Сол сияқты менің де жеке өміріме ешкім қол сұқпаса екен деймін. Себебі, әркімнің өз өмірі, маңдайға не жазады сол болады. Сосын артық сөйлемеуге тырысуымыз керек" , - дейді Ақбота Керімбекова.

Аша мен Арманның қатысты "Бақай" тобы да өз ойын ортаға салды.

"Ажырасу деген өте ауыр нәрсе. Ажырасамын деп ойнап та айтпаңдар дейді. Құдайдың ең жек көретін нәрсесі ол. Өте дұрыс емес деп ойлаймын. Ойыннан от шығады деген нәрсе бар ғой қазақта. Ойнап жүріп шынымен от шығып кетуі мүмкін ғой. Сол үшін айтпаған дұрыс, тіпті ойнап та айтпау керек" , - дейді Бақай тобы.

Өнердегі іні-қарындасының бұл қылығына Мақсат Базарбаев та құптамаған.

"Жақсы сөз - жарым ырыс дегенді біздің өзіміздің қазақ атамыз айтып кеткен. Сондықтан жақсы сөз сөйлеуіміз керек. Әр нәрсені жасаған кезде жақсылыққа балап жасауымыз керек. Отбасым шайқалмасын, осы отбасыммен көгеріп бір жақсы ұрпақ көретін отбасы болайық деп тілеуіміз керек. Болмайтын нәрсеге бола, хайп деген нәрсеге мен негізі жоқпын" , - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788902-piar-sin-azyraskan-arman-men-asany-kylygy-nerdegi-riptesterine-najmaj-kalgan/