RU
Елордалық жеңгетайлар түнгі көбелектердің кімдерге қызмет ететінін айтты

Елордалық жеңгетайлар түнгі көбелектердің кімдерге қызмет ететінін айтты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанға іссапармен келетін ер-азаматтардың көпшілігі жезөкшелердің қызметіне жүгінетін болып шықты. Бас қаланың түнгі көбелектерінің табысын түгендемек болған KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық жеңгетайлармен де тілдесіп көрді.

Көрнекі фото: lenta.ru

Көрнекі фото: lenta.ru

Ғаламтор бетінде толып тұрған түнгі көбелектердің телефон нөмерінің кейбірі олардың жеңгетайларының байланыс нөмері болып шықты.

Өздерінің аты-жөнін жасырып қалған олар, жезөкшелердің қызметіне кімдердің жүгінетінін айтып қалды.

"Бізде он шақты қыз бар. Жастары 18-22 жас арылығы. Алдын ала тапсырыстар арқылы ғана жұмыс істейміз. Денсаулықтарында кінәрәт жоқ, жыныстық жолдармен таралатын ауруға ешқайсысы шалдықпаған. Жалпы біз тек 25 жасқа дейінгі қыздармен ғана жұмыс істейміз. Арасында бірлі-екілісі "vip" деген атқа ие. Яғни ондай қыздардың қызметі қымбат болады және олар барлық қызметтерді ұсынады.
Нұр-Сұлтанға іссапарға келгендердің көпшілігі дерлік біздің қызметке жүгінеді, ер адам болған соң, отбасылық кикілжіңдерден шаршайды, анда-санда осындай жолға түсуі қалыпты жағдай", - деп түсіндірді тілшімен тілдескен жеңгетайлардың бірі.

Бір қызығы ғаламторда тізіліп тұрған жезөкшелердің аты-жөні мен олардың телефон нөмері болса да, көп жағдайда телефон тұтқасын дәл осы жеңгетайлар көтереді.

"Олардың кейбірі "Уақыты мен қай жерге бару қажеттігін айтса, қыздар бар. Жасы да, кәрісі де. Бағалары да әртүрлі, тек таңдау керек" деп қысқа қайырса, енді бірі: "Сайттағы мәліметтер ескірді, қазір бізде басқа қыздар, қоңырау шалмаңыздар", - деп әңгімені шорт кесті.

Сондай-ақ олар байланыс нөмерлерінің кейбірінде жеңгетай екендіктерін жасырмай айтатындар да кездесті.

"Нөмер қыздардығы болғанымен жеңгетай мен, барлық сауалдарыңызды маған қойсаңыздар", - деп жауап берді жеңгетайлардың бірі.

Сіздің реакцияңыз
24
2
3
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel