RU
Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш бұзылып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш бұзылып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 2018 жылы ғана ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап салынған ескерткіш қиратылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бір жыл бұрын ғана салтанатты түрде ашылған ескерткіштің қайта бұзылуы тұрғындардың ашуын туғызды

"Не масқара, былтыр ғана салды. Әдемі қылып ашты. Енді бұзып жатыр. Ақшаны бұлай ысырап қылғандары дұрыс емес. Халықтан ұялу керек", - дейді қала тұрғыны Жанар Қызылбалина.
Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрғындар ескерткіштің бұзылуы мамандардың жауапсыздығынан деп отыр. Себебі өткен жылы салынған ескерткіштің іргетасы түсіп, гранит тастары сынып қалған.

Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл халық демалатын жер. Өткен жылы ғана ашылуына келдік. Жауапты адамдар шала құрылысты қабылдамау керек еді. Бір ескерткішке екі рет шығындалу дұрыс емес", - дейді қала тұрғыны Асылхан Балдаиров.
Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қалалық билік бюджеттің 15 млн теңгесіне салынған ескерткішті жөндеуді мердігер компанияға тапсырған.

Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл ескерткіш 2018 жылдың 9 мамырында пайдалануға берілген болатын. Құрылысына жергілікті бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінді. Қазір ауа райының салдарынан ескерткіштің төсеніші отырып, граниттері жарылып кетті. Салған мердігер компанияның әлі кепілдік уақыты бар.
Сол себепті қайта ақша бөлінбейді. Мердігер мекеме қайта қалпына келтіру жұмыстарын өз қаржысына жүргізетін болады. Оларға екі апта берілді. Сол уақыт ішінде бастапқы кейпіне қайта әкеледі", - деді Ақтөбе қалалық тұрғын-үй шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дастан Әжібаев.
Ақтөбеде бір жыл бұрын 15 млн теңгеге салынған ескерткіш қиратылып жатыр

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel