RU
Шымкенттегі түрменің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Шымкенттегі түрменің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ИЧ 167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы Айтжан Бәкіровтің ісі бойынша үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: 5632

Көрнекі фото: 5632

Судья Әбинұр Қарабаев бұрынғы түрме бастығы Айтжан Бәкіровті қылмыстық кодекстің 361 бабы "лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша кінәлі деп тапты.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты оған қатысты қысмыстық істі өндірістен тоқтатты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Үкім күшіне енгеннен соң сотталушыны үйқамақтан да босатылатынын айтты.

Судья Әбинұр Қарабаев 38 жастағы сотталушы Айтжан Бәкіровке 2012-2014 жылдар аралығында Шымкенттегі ИЧ – 167/3 түзеу мекемесінің басшысы қызметін атқарған уақытта түрме қызметкерлерінің оқу-жаттығуға арналған "оқ-дәрілерді жымқыруына жол берген", "қызмет бабын пайдаланып, сотталғандар арасында заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған және заңсыз табыс тапқан", "қылмыскерлерге көмектескен" деген айыптарды сот тергеуінде дәлелденбегендіктен алынып тасталғанын, ал "салақтық" бабы бойынша ақталғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel