Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде сүйісу нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде сүйісу сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз нығаятынын білдіреді. Сондай-ақ мұндай түсті табыс келеді деп жоруға болады. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға түс жору ұсынады.

Түсіңізде сүйісі нені білдіреді?
Көрнекі сурет: misseva.ru: Facebook

Түсіңізде сүйіскен болсаңыз, ең алдымен кіммен сүйіскеніңізге мән беріңіз. Егер бұл сүйіктіңіз болса, онда махаббатыңыз нығаяды деген сөз. Ал бөтен біреу болса, керісінше сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда кикілжіңдер пайда болады.

Сүйіктіңіздің еріндерін қараңғыда таппай жатсаңыз, шынайы өмірде сіз жайында өсек тарайтынын ескертеді.

Танысыңызбен сүйіссеңіз, онда онымен қарым-қатынасыңыз үзіледі.

Мұртты адаммен сүйіскенде түгі бетіңізге батса, онда сүйіктіңіз сізді қатты қызғанатын болады.

Ұл баланың бетінен сүйсеңіз, онда махаббатта жолыңыз болады. Қыз баланы сүйген болсаңыз, онда достарыңызбен көңіл көтересіз.

Түсіңізде дұшпаныңызбен сүйіссеңіз, шынайы өмірде араздасып қалған досыңыз немесе құрбыңызбен татуласасыз деген сөз.

Сондай-ақ мұндай түсті жорығанда кімді сүйгеніңізге де аса мән беру керек:

  • Ата-ананы - балаларыңыз сізді сыйлайтын болады;
  • Бауырларыңызды - қиындықтар аяқталады, жаңа табыс көзін табасыз;
  • Басшыны - дауды шешудің басқа жолын іздеңіз;
  • Кіндік әке, кіндік шеше - қателесіп, жанжалға себеп болуыңыз мүмкін:
  • Енені - жұмыста қиындықтар туындайды;
  • Ата-енені - қарым-қатынастағы қиындықтар;
  • Күйеу бала - жақындарыңыздың қамқорлығы мен жылуы жетпей жүр;
  • Әкені - сүйіктіңізбен қиындықтар туындайды;
  • Ананы - табыс, кәсібіңіз өрге домалайды;
  • Әжені - көп ұзамай тосын сый аласыз.
  • Атаны - ол сізді уайымдап жүр.
  • Көрші - онымен мәселелер туындауы мүмкін;
  • Бейтаныс адаммен - қаржылық жағдайыңыз жақсарады;

Қайда сүйіскеніңізге де мән берген жөн. Серуендеп жүріп сүйісу сүйіктіңізбен арақатынасыңыз нығаяды деген сөз.

Көлікте сүйіссеңіз, сізді сүйген адам сезімдерін білдіреді.

Жеделсатыда сүйісу, тәуекелге барудан қорықпайтыныңыз, бірақ алдымен жақсылап ойлану керегін ескертеді.

Үйде сүйісу, қарым-қатынасыңыз көңіліңізден шығатынын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789375-tsiizde-sjisi-neni-bildiredi/

pixel