RU
Жетісайда өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында өгей қыздарына аяусыз қорлық көрсеткен анаға қатысты сұмдық жайт белгілі болды. Ол кәмелетке толмаған балаларды тоңазытқышқа қамап, денелерін плоскогубцымен қысып тастаған екен. Сорақысы, үйдің отағасы бауыр еті балаларының мұндай азапқа түскенінен бейхабар болған деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Көрнекі фото: stavrinok.ru

Көрнекі фото: stavrinok.ru

Әлеуметтік желіде желдей есіп, елді есеңгіреткен видеолар әлі де қызу талқыға түсуде. 12, 14 және 16 жастағы үш қыздың өгей анадан көрген қорлығына жайбарақат қарау мүмкін емес.

Себебі, қатігез келіншек қыздардың денесін, қол-аяғын, тіпті, жыныс мүшелерін де темір қысқыш плоскогубцымен қысып тастаған екен. Тіпті, балалар үшін дені дұрыс тамақ ішу де арман болыпты.

"Жуынды жеген кезде шыдай алмай құсып жібердім. Маған құспа деп айтқан еді. Айтпай құсып жібердім. Ол білген жоқ. Оған білдіртпей құстым. Егер біліп қойса, маған тағы жегізеді", -дейді қыздардың бірі.

Балалардың сөздеріне сенсек, өгей шешелері кез келген ағаттық үшін оларды қатаң жазалап отырған.

"Полкілердің бәрін алып тастады да, сөйтіп тоңазытқышқа отырғызып қойды. Кішкентай-ақ еді. Сол барынша бүрісіп, жарты сағат көлемінде отырдым. Сәл жаурадым", -дейді мектеп оқушысы.

Қыздардың бірі тасжүрек әйел кәуап таяқшасымен басын, арқасын, қолдарын тесіп тастағанын айтады. Ол өгей қызының аяғын 50 рет плоскогубцымен ұрып, ыстық сумен күйдірген екен.

Бұл жағдайға қатысты қыздардың жеңгесі де өз пікірін білдірді.

"Өгей шешесі бұларды әбден қорқытады ғой. Мені лақтырмаңдар. Айтпаңдар. Бірақ, мен түрмеге қамалып кетсем де, мен шыққан соң, сендерге көрсетемін. Мен бәрібір сендерді өлтіремін" деп",- деді ол.

Ал қорлық көрген балалардың туған анасымен ажырасып кеткен әкесі бұл жағдайдан бейхабар болып шықты.

"Мен ол оқиғаны шынымен білгенім жоқ. Азанда кетемін, кешке келемін. Жұмысымды істеп жүргенмін. Маған да айтпаған. Мен қанша рет қыздарымды құшақтадым, доча айтыңдаршы деп. Қалай бәрі тыныш па, бәрі жақсы ма деймін. Папа қазір бізде бәрі жақсы дейді. Жеткілікті ме деймін, бәрі жеткілікті дейді",- деді азамат.

Айта кетейік, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Бұл мәселеге қатысты облыстық Полиция департаменті мен әкімдік тез арада жауап берді. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнаған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
16
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel