RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Жетісайдағы үш қыздың оқиғасы: Күдікті әйелдің әкесі өз шындығын айтты

Жарияланған күні:

Түркістан облысы Жетісай қаласында үш өгей қызына ұзақ уақыт бойы қорлық көрсетіп келді деген күдікке ілінген әйелдің туыстары оқиғаға қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Кәмелетке толмаған балаларды азаптады деп айыпталып жатқан келіншектің әкесі сұмдық жайт туралы бар шындықты жайып салды. Ол қызын ақтамайтынын жеткізген деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com: Twitter

Үш апалы-сіңлілі қыздарды ұзақ уақыттан бері аяусыз қинап келгені үшін күдіктелген келіншектің туыстары оған тағылған айыппен толық келіспейтінін айтты.

"Қызымды 2016 жылдың 2 желтоқсанында жолдасына қазақы салтпен ұзатқанбыз. 2017 жылдың көктемінде қызым үш қызды алғаш рет үйге алып келді.

Қызым оларды бағып, өз перзентіндей бауырына басты. Біздің отбасымыз да оларды қабылдады. Сол кездің өзінде қыздардың денесінен жаралар мен тыртықтар көрдім. Бірақ, аса қатты мән бере қоймадым.

Бастапқыда ұялып ешкімге қосылып ойнамайтын қыздар, кейіннен ашылып демалыс сайын бізге келіп тұратын болды.

"Ата біз үйге бармай-ақ осында қала салайықшы. Үйге мамам келгенше біз аға мен әжемнің үйінде бөлек-бөлек жүрдік. Үй шаруасын бәріміз бірге емес, тек біздер ғана істейміз" деген қыздардың сөзінен секем алып қалып едім.

Бірақ, соңы мұндай жағдаймен аяқталатынын күтпедім, ойламадым да", - деді айыпталған өгей ананың әкесі.

Азамат қызын бұл оқиғада ақтамайтынын алға тартты.

"Оқиғада қызым мүлде кінәсіз деп ақтап тұрғаным жоқ. Оның да өз айыбы бар. Оқиға болған күні ол қыздарға ұрысқаны рас.

Бірақ, кемпірауызбен қинап, тырнақ пен еттің арасына ине тығып жауыздық танытпаған. Үйдегі құрал-саймандар отбасына ортақ дүниелер.

Күйеу бала үнемі көшеде болған соң үйдегі ер азаматтың майда-шүйде жұмыстарын әйел заты істемегенде кім істейді? Үйдегі күйген шамды да, үзілген тоқты да қызым өзі ауыстырып, сынған жиһаздарды да өзі жөндей беретін қызым. Осының бәрін білетін құдалар енді бұл дүниелерді басқаша мақсатта пайдаланып жатыр", - деп күйінді ол.

Өгей ананың әкесі қыздар ауруханаға түскен күні оларға барғанын жеткізді. Сол кезде ол құдағиы мен оның үлкен келінін көрген.

"Қыздар «ата» деп жүгіріп шығып, мені құшақтады. Не болғанын сұрағанымда ештеңе айтпады. Олардың орынына құдағи «Сенің қызыңа шығарған шығынымды, той жасауға кеткен ақшамды сен әлі маған толық қайтаратын боласың. Бұл үшеуі мен нені айт десем соны айтады, не істе десем соны істейді» деді. Менен кейін үлкен қызым да, келінім де барды ауруханаға. Бірақ, оларды кіргізбей жіберіпті», - деді ер адам.

Азамат ақпарат өкілдерінің бұл мәселеге бір жақты қарап жатқанына өкпесін білдірді.

Оған қоса, ол жанжал басынан бері жәбірленуші жақтың өкілдерімен жолығып, анық-қанығына көз жеткізгісі келген. Бірақ, азаматтың айтуынша, олар қашқақтап жүр екен.

"Мейлі, егер менің қызым олар айтқан қатыгездіктің бәрін жасап, дәлелін тауып жатса тиісті жазасын алсын. Кінәсіз болса үйде екі жасар баласы күтіп жүрген жүкті қызды босқа қинамай босатса», - дейді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнаған.

Сонымен қатар, бүгін өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1789605-zetisajdagy-s-kyzdy-okigasy-gej-anany-kesi-bar-syndykty-zajyp-saldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 6

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Norys

құдай жазасын берсін мундай шеше қалай өгей қыздарына қол көтереді заң алдында жауап берсін көрдіңбе өз анасы қызым қызым деп жан салып жүр ал ол қызы болса өгей қыздарын фашист құсап тырнақтың астына ине суғып қинап жүр

Comment reaction

SuperTROY

Бұл кісінң сөздері тиянақты кісінің сөзі сияқты. Өз ойын айтып отыр. Өзінің байқауы бойынша мұндай болмаған сияқты дейді, бірақ болған болса кінәлі қызы жаза тартуы тиіс дейді

Comment reaction

Ягуар

Арсыз адам екен, жауыз қызын жақтап отыр ғой . Елге қарайтын беті жоқ арсыздар.

Дәуата

Ой ұятсыз адамдар көп екен ғой өмірде. Қай бетімен жақтап тұр қызын. Жұмған ауыздарын ашпай отыратын жерлері ғой.

Айmush

не деген жауыздык мынау, енди акеси коргайдыгой, бирак мынадай типтен созим жетпейди, асылдык айтпайын бирак тиисти жазасын мынадай кубыжык алуга тиисти.бул ис булай калдырмау керек.балалар будан омир бойгы психологиялык соккы алды.

Рамаза

әрине ол жауыз қызын жақтайды

jitsu gif