RU

Түркістан облысында аулада жүрген үш жасар сәби ұшты-күйлі жоғалып кеткен (фото)

Түркістан қаласының полицейлері жоғалған үш жасар бүлдіршінді тауып, ата анасына табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Табылған бүлдіршін
Табылған бүлдіршін: Original

Әкесінің айтуынша, бала кешқұрым аулада велосипедпен серуендеп жүрген. Қапелімде перзентінен көз жазып қалған әкесі бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.

Оқиға болған жерге Түркістан қаласының полиция басқармасының полицейлері мен жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен. Бүлдіршінді іздеу үшін қалалық полиция басқармасының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Табылған бүлдіршін
Табылған бүлдіршін: Original

Тәртіп сақшылары жақын аумақтардың аулаларын аралап шығып, куәгерлерден жауап алып, басқа да шұғыл іс-шаралар жүргізген. 

Үш сағаттан соң жоғалған үш жасар балақай Түркістан қаласының көшелерінің бірінен табылған. Полиция қызметкері сәбиді ата-анасының қолына табыстады.

"Ата-анасы да өздері тарапынан ұлдарын сап-сау, аман-есен қайтарып бергені үшін Полиция басқармасының басшылары мен полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен шұғыл іс-әрекеттері үшін зор алғыстарын білдірді", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789695-trkistan-oblysynda-aulada-zrgen-s-zasar-sbi-sty-kjli-zogalyp-ketken-foto.html