Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісайда соққыға жығылған үш қыздың туған анасы өз шындығын айтты

Опубликовано:

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрген үш қыздың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат берді. Жұлдыз.Қ қазір Шымкент қаласында баурының үйінде тұрып жатыр екен. Ол қыздарының оңбай таяқ жегенін алғаш рет әлеуметтік желіден көріп, танымал заңгер Айгүл Орынбектен көмек сұраған.

Көрнекі фото: Pixabay
Көрнекі фото: Pixabay: Depositphotos

Келіншектің айтуынша, үш баласын тастап үйден қашуына бұрынғы күйеуінің мінезі себеп болыпты.

"Күйеуім екеуіміз 2002 жылы некеге тұрып 2013 жылы ажырасып кеттік. Жолдасым жат ағымға кіріп, үйден береке кетті. Маған мәжбүрлі түрде хиджап кигізіп, намаз оқытты. "Намазды дұрыс оқымадың, ананы дұрыс істемедің" деп күні-түні тиісіп, тіпті ұратын. Мен медицина саласында жұмыс істейтіндіктен бастықтар хиджапты шешуімді талап етті. Бүкіл сұмдық осыдан соң басталды.
"Жұмысыңда ойнасың бар, көрінген еркекпен жатасың, көзіме шөп саласың. Мен сені егін басына апарып атып тастаймын" деп қорқыта бастады. Жұмысым екі маусымда еді. Бір күні түнделетіп үйге келсем еден қан болып жатыр. Үлкен қызымнан сұрасам "папам оны бұзықтық жасағаны үшін бетінен ұрды" дейді. Күйеуім қыздарды өзі де ұратын бұрын мені де аямайтын", - деп көзіне жас алды келіншек.

Келішектің айтуынша, үш қызын өгей шешелері өлімше етіп сабауына бұрынғы күйеуінің де қатысы бар болуы мүмкін.

"Мен ол келіншекті танымаймын. Бірақ өзі де ана ғой. Балаларды дәл осылай ұруына бір себеп бар. Менің ойымша күйеуі дәл мен секілді оны да иттей қылып, мазасын алды. Сосын ол бар ашуын менің балаларымнан алған. Әйтпесе өлімше етіп сабайтындай олар қылмыскер емес қой. Себебі менде некеде тұрған кезімде күйеуімнің қорлығынан жүйкем сыр беріп өз шашымды өзім жұлған сәттерім болды. Оның бәріне кінәлі бұрынғы күйеуім", - дейді келіншек.

Ал үш қыздың әкесі Нұрмахаммет бұрынғы әйелінің сөзін толықтай жала деп отыр.

"2013 жылы еш себепсіз үйден қашып кеткен еді. Соны қыздарым кешіре алмады. Тіпті әлі күнге дейін онымен сөйлеспейді. Намаз оқитыным рас, бірақ жат ағымда емеспін. Жұлдыздың қорқытып хиджап кигізді дегені өтірік. Исламда қинау жоқ, барлығы жүрекпен. Құдайдың алдында, жарық дүниеде ақпын", - дейді ер адам.

Ер азамат екі әйелінің де қылығын кешірмеймін деп отыр. Екінші жарымен азаматтық некеде, ортақ бір ұлы бар. Күдікті келіншек екінші баласына жеті айлық екіқабат екен. Ал таяқ жеген ағайынды үш қыз қазір Шымкентте тергеушілерге түсінік беруде екен.

Заңгер Айгүл Орынбектің сөзінше, қыздардың әке-шешесі мен әжелері және өзгеде туыстары жауапқа тартылатындарын біліп, апалы-сіңлілерді өз мүдделеріне пайдалануда.

"Қыздар әбден қорқып қалған. Кім не айт десе, соны қайталайды. Нақты пікірлері жоқ. Яғни, біресе әкесінің бірде анасының сөзін сөйлейді. Сондықтан да оларды сот шешімі шыққанша бейімдеу орталығына орналастырып, психолог мамандардың еміне өтулері қажет. Сот кезінде олардың өздері шешулері керек кіммен қалатынын. Мен үш тараптың да пікірін тыңдадым, барлығы өздерін ақтап әлек. Сондықтан мен тек балалардың ғана құқын қорғауға ғана атсалысамын", - дейді ол.

Ал үш қыздың туған анасы балаларын өзіне қалдыру үшін енді барын салмақ. Тіпті соттасуға дайын. Қыздарды әжесінің тәрбиесіне өткізуге де қарсы. Оның себебін "оларға бала емес, асыраушы ретінде берілетін ақша ғана маңызды" деп қысқа қайырды.

Балаларын өлімше етіп сабаған әйелді қатаң жазалап, жаңа өмір бастауды мақсат қоюда. Осы уақытқа дейін бой көрсетпеуінің себебін, бұрынғы күйеуінен қорыққанымен түсіндіріп отыр. Алайда Қазақстанды дүр сілкіндірген ағайындылардың ендігі тағдырын сот шешетін болады.

Айта кетейік, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнағаны да хабарланды.

Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.

Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789727-zetisajda-sokkyga-zygylgan-s-kyzdy-tugan-anasy-z-syndygyn-ajtty/

pixel