RU
Өскеменде үшемнің әкесі атанған азамат декреттік демалысқа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде үшемнің әкесі атанған азамат декреттік демалысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Өскемендегі Жайрем тау-кен байыту комбинатының темір ұстасы үшемнің әкесі атанып, басшысының рұқсатымен декреттік демалысқа шыққан. Аян Үсеровтің отбасында үшемнен бөлек, тағы үш перзенті бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Казцинк" ЖШС

Фото: "Казцинк" ЖШС

Үшемді бағып-қағу Аянның жары Ботагөздің мойнында болған.

Бастапқыда, перзентханадан шыққан кезде келіншек сәбилеріне бір өзі ғана қарап жүрген. Кейін отағасы да декреттік демалысқа шығуға бекінген.

Бұл туралы "Қазцинк" ЖШС қоғаммен байланыс басқармасы мәлімдеді.

Елімізде ер азаматтар декреттік демалысқа өте сирек кететініне қарамастан, мекеме басшылығы оның арызына бірден қол қойған.

"Ер адам біздің мекемеде шамамен 15 жылдан бері еңбек етіп жүр. Мұндай қызметкерлерді барынша бағалау керек. Аян Үсеров өзін демалысқа жіберуді сұраған кезде біз бірден рұқсатымызды бердік.
Бір жыл бойы ол отбасымен болып, балаларын тәрбиелей алады" , - деді комбинаттың тау-кен көліктік цехінің басшысы Мұхит Ахатов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel